0 дауыс
709 көрілді
Ата анама жауап қайтарамын,олар айқайлаған кезде.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

 Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Ата-анаға қарсы шығу үлкен күнә». (Бұхари)

«Ата-анасына қарсы шыққан бала жаннатқа кірмейді». (Нәсаи)

«Ата-анасына қарсы шыққан баланың өмірі берекесіз және қысқа болады».

Ата-анасы залым да болса, олардың айтқандарына қарсы шығуға, оларға дауыс көтеруге, дөрекі сөйлеуге болмайды.

«Ата-анам өте мейірімсіз, оларға қалай мойынсұнамын?” деген адамға Расулуллаһ (с.а.у) былай деген: «Анаң сені тоғыз ай құрсағында көтерді, екі жыл емізді. Сені үлкейгенге дейін қойнында жетілдірді, қамқор болды. Әкең де сені өсіру үшін көптеген қиыншылықтарға төзді. Сенің қажеттіліктеріңді қамтамасыз етті. Саған дініңді, иманыңды үйретті. Сені ислам тәрбиесімен өсірді. Енді қалайша олар мейірімсіз болады? Бұдан асқан мейірім бола ма?». (Әййухәл уәләд илмихалы)

«Уа, Расулалла! (с.ғ.с), қартайған анамды өз қолыммен тамақтандырамын. Дәретін алғызып, арқалап жүремін. Осы амалыммен ақысын өтеген боламын ба?”, – деп сұраған адамға Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «Жоқ, ақысының жүзден бірін де орындаған болмайсың. Ол саған аяққа тұрып кетуіңді күтіп қызмет еткен еді, ал сен оған өлімін күтіп қызмет етудесің. Бірақ Алла тағала бұл аз ғана жақсылығың үшін көп сауап ихсан етеді».

Ата-ана жаман да болса, олармен жақсы мәміледе болу керек! Олармен араны үзу үлкен күнә болып табылады. Ең болмағанда сәлем айтып, хат жазып, телефон шалып бұл күнәдан құтылу керек.

Құран Кәрімде 3 нәрсе 3 нәрсемен бірге айтылған. Біріншісі орындалмаса, екіншісі қабыл болмайды. Пайғамбарымызға мойынсұнбаса, Алла тағалаға мойынсұнылған болмайды. Ата-анаға шүкір етілмейінше, Алла тағалаға шүкір етілген болмайды. Малдың зекеті берілмесе, намаздары қабыл болмайды.  (Тәфсири Муғни).

Оларға мойынсұну, қарсы шықпау, күнә болмаған әмірлерін орындау.

Мұса алейһиссалам Алла тағаладан тоғыз рет насихат сұрағанда барлығында да  «Ата-анаңа мойынсұн!» деп бұйырылды. Хадис шәрифте де былай делінген:  «Ата-анаға мойынсұну Аллаһқа мойынсұну болады. Оларға қарсы шығу Алла тағалаға қарсы шығу болады». (Табарани)

Әкесіне қарсы шыққан адам бала-шағасының қызығын көре алмайды, мұратына жете алмайды, отбасымен жақсы қарым-қатынаста бола алмайды, үйінің дәм-тұзы, қызығы болмайды. (Шира)

Оларға қатал жүзбен, қабақ шытып қарамау керек. Жылы жүзбен, мейіріммен, сүйіспеншілікпен қарау керек.

Ата-анасына мейіріммен, сүйіспеншілікпен бір рет қараған адам қабыл болған бір қажылықтың сауабына қауышады. Пайғамбарымыз (с.а.у):  «Ата-анасының жүзіне мейіріммен қараған адамға қажылық және умраның сауабы жазылады», – деген. «Күніне мың рет қараса да солай ма?» деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.у): «Күніне жүз мың рет қараса да...», – деп жауап берген.

Тағы бірде Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ата-ананың жүзіне мейіріммен қарау – ғибадат». деп білдірген.

Оларды ренжітпеу, өкпелетпеу, разылықтарын алу керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Раббыңның разылығы ата-ананың разылығында. Ашуы да ата-анаңның ашуында». (Бұхари)

«Ата-анасының разылығын алған мұсылман не істесе де тозаққа кірмейді. Ал ренжіткен адам жаннатқа кірмейді». (Шира)

Ата-ананы ренжіту, оларды жәбірлеу үлкен күнә болып табылады. Ата-ананың, жалпы ешкімнің де күнә болған әмірлерін орындау жаиз емес. Ата-ананың ұсынған асында харам араласқан болу күмәні болса және бұл тамақтан жеуі үшін баласын мәжбүрлесе, баланың ол тамақты жеуі керек болады. Себебі күмәнді нәрселерден қашу уәраға жатады, ал ата-ананың разылығын алу уәжіп болып табылады. Бірақ дінге қайшы болған әмірлері орындалмайды. Мәселен: “Арақ іш, намаз оқыма, әйтпесе біз ренжиміз” десе, мұндай харам болған айтқандары істелмейді. Өйткені “Алла Тағалаға қарсы шыққан істе құлға бағынылмайды” деген әмір бар.

Хақ Тағала “Анкәбут” сүресінің сегізінші аятында:

«Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық. Егер екеуі саған білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуыңа тырысса, онда ол екеуіне бағынба. Қайтар жерің Мен жақ. Сол уақытта сендерге не істегендеріңді түсіндіремін», – деп бұйырған.

0 дауыс
я бұл өте үлкен қате, қанша жерден өзіндікі дұрыс болмасада, үндемей қойған дұрыс, Біз ата-анамызды көп ренжітеміз. Әкемізге қарсы шықпағанымен, анамызға қарсы шығып, ренжітіп аламыз.  Аналарымыз сол ренжігендерін бізге білдірткісі келмейді.  Біз білмей жүре береді екенбіз.
ананын конилине калган онбайды деген бар
0 дауыс
Тубинде барлык адам аке-шешесин жаксы кореди жане ешкимге жамандык жасатпайды
...