Азия ойындары 2014 боксшыларымыз қалай өнер көрсетеді?

0 дауыс
714 қаралым
Азия ойындары 2014 боксшыларымыз қалай өнер көрсетеді? Азия ойындарында өнер көрсететін спортшылардың тізімі шықты ма екен?
• Санаты: Жалпы спорт

1 жауап

0 дауыс

Бокс жанкүйерлері ұзақ күткен тізім де белгілі. Бокстан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Инчхонға баратын спортшылардың есімін атады. ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметі осылай хабарлады.

Құрамаға нөмірі бірінші мықтылар ілініпті. Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ел намысын қорғайды. Құрамадағы ең егде боксшы Біржан Жақыпов Гуанжоуда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері. Иван Дычконың да сондай табысы бар. Ал Данияр Елеусінов екінші рет Азия ойындарының алтынын алмақ ниетте.

Жолдарың болсын арда ұлдар!

49 келі: Біржан Жақыпов
52 келі: Ильяс Сүлейменов
56 келі: Қайрат Ералиев
60 келі: Берік Әбдірахманов
64 келі: Айдар Әмірзақов
69 келі: Данияр Елеусінов
75 келі: Жәнібек Әлімханұлы
81 келі: Әділбек Ниязымбетов
91 келі: Антон Пинчук
+ 91 келі: Иван Дычко

Ұқсас сұрақтар

127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,777 қолданушы