Ұлық болсаң кішік бол сөзінің мағынасы қандай?

0 дауыс
20.6k қаралым
Ұлық болсаң кішік бол сөзінің мағынасы қандай?
• Санаты: Қазақ тілі

4 жауап

0 дауыс
Бастық болсаң қарапайым бол дегені ғой
0 дауыс
Адамдардың бәрі сені таныса да, қанша бай болсаң да, атақты болсаң да жұлдызданып кетпе, елмен тең бол.
0 дауыс
Қаншалықты бай болсаң да, атақты болып, даңқың жер жарып бара жатса да адам кішіпейілділікті, қарапайымдылықты ұмытпауы керек. Өзгелерді өзінен төмен санап, менменсіп кету ең жаман қасиет. Қанша бай болсаң да, Алланың алдында жай ғана пенде екеніңді, Алланың алдында бүкіл адамзаттың бірдей екендігін ұмытпау керек. Сол байлықты, сол атақ-даңқты берген Алла оны алатында Алла!

Кішіпейіл болып, адамдарға көмектесіп жүрсең олардың рахметін аласың, жолың ашылады, бүкіл адамдар сені сыйлап, саған қызыға қарайды. Ал, менменсіп кетсең, өзгелерге жеккөрінішті болып, түбінде қу тізеңді құшақтап жалғыз қаласың. Сондықтан, адам əр уақытта үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, қолынан келсе көмектесіп, əрқашан қарапайым бола білу керек. Сонда ғана сен елге сыйлы, елім - жерім деп жүретін, биік-биік белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жететін нағыз азамат боларың анық!
0 дауыс
Ұлық сөзі, жоғарлау, биік деген сөзбен тең, кішік дегеніміз, кішіпейіл, енкею деген мағынаны білдіреді. Қанша жоғарласанда кішіпейіл бол дегені.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
15.03.2017 • Санаты: Қазақ тілі Алту сұрақ қойды
+1 дауыс
4 жауап
0 дауыс
7 жауап
+1 дауыс
2 жауап
127,776 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,814 қолданушы