0 дауыс
107k көрілді
Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 452 бұйрығы керек?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 452 бұйрығы

Амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру мақсатында және ана, бала өлімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штаб отырысының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық пункт, фельдшерлік-акушериялық пункт, ауылдық емхана, қабылдау бөлімі, патология бөлімшесі және босану бөлімшелері деңгейінде акушериялық қан кету, ауыр преэклампсия, эклампсия және анафилактикалық шок кезеңдегі шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі (бұдан әрі-тізбе);

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жүктіліктің ерте және кеш мерзіміндегі қан кетулер, босанғанан кейінгі қан кетулер, преэклампсия, эклампсия, сепсистік жағдай, сепсис кезеңдегі шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған бағалау парақтары (бұдан әрі-бағалау парағы);

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде ұрпақты болу жасындағы әйелдерді зерттеп-қарау алгоритмі (бұдан әрі-алгоритм) бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша):

1) осы бұйрықпен бекітілген тізбені, бағалау парақтарын және алгоритмді медициналық ұйымдарға енгізуді және мониторингін;

2) облыстық және аудандық буынның штаттан тыс мамандарын тарта отырып, осы бұйрықты қолдану бойынша медициналық ұйымның мамандарын оқытуды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы (Б.С. Байсеркин) медициналық ұйымдарда осы бұйрықты іске асыруға бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2012 жылғы 3 шілдедегі

№ 452 бұйрығына

1-қосымша

Медициналық пункт, фельдшерлік-акушериялық пункт, ауылдық емхана деңгейінде акушериялық қан кету, ауыр преэклампсия, эклампсия және анафилактикалық шок кезеңдегі шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі

1. Акушериялық қан кету кезеңдегі шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі

0,9% хлорид натрийі 500 мл бойынша 4 сауыт.

Окситоцин - 1 орау.

Мизопростол - 2 орау.

Шприцтер 5,0 - 5 дана, 10,0 - 5 дана.

Қанға арналған жүйе - 2 дана.

Инфузияға арналған жүйе - 3 дана.

Вазофикстер №№14-16 - 2 дана.

Зарарсыздандырылған қолғап №7-8 - 6 жұп.

Тегадерм немесе жапсырғыш.

Бұрау.

Спирт 70% - 1 сауыт.

Зарарсыздандырылған мақталы тампондар.

Бір реттік спирттік салфеткалар - 5-6 дана.

Фоллея Катетері №№ 20-22 - 1 дана.

Сорғыш (шырышты соруға арналған).

Зарарсыздандырылған шпатель (жақты қозғауға арналған).

Амбу қабы.

Оттек.

Зарарсыздандырылған ауа үрлегіш (резинкалы).

Танометр.

Фонендоскоп.

Несеп жинауға арналған қап - 1 дана.

2. Ауыр преэклампсия, эклампсия кезеңдегі шұғыл медициналық көмек көрсету үшін

дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдардың

тізбесі

25% сульфат магний 5 мл - 5 орау.

0,9% хлорид натрийі ерітіндісі 400 мл - 1 сауыт.

Инфузияға арналған жүйе - 2 дана.

Шприцтер 20,0 мл. - 4 дана, 5,0 мл. - 2 дана.

Нифедипин - 1 орау.

Зарарсыздандырылған қолғап №7,8 - 6 жұп.

Спирт 70% - 1 сауыт.

Зарарсыздандырылған мақталы тампондар.

Бір реттік спирттік салфеткалар - 5-6 дана.

Вазофикстер №№14- 16 - 2 дана.

Фоллея несеп катетер №№20 - 22 -1 дана.

Несеп жинауға арналған қап - 1 дана.

Тегадерм немесе жапсырғыш.

Бұрау.

Зарарсыздандырылған шпатель (жақты қозғауға арналған).

Сорғыш (шырышты соруға арналған).

Амбу қабы.

Оттек.

Зарарсыздандырылған ауа үрлегіш(резинкалы).

Танометр.

Фонендоскоп.

3. Анафилактикалық шок кезеңдегі шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі

0,9% хлорид натрийі ерітіндісі 500 мл - 1 орау.

Преднизолон 30 мг №3 - 2 орау.

Эпинефрин - 1 орау.

Инфузияға арналған жүйе - 2 дана.

Зарарсыздандырылған қолғап №7,8 - 6 жұп.

Шприцтер 2,0; 5,0; 10,0; 20,0 - 5 данадан.

Спирт 70% - 1 сауыт.

Зарарсыздандырылған мақталы тампондар.

Бұрау.

Бір реттік спирттік салфеткалар - 5-6 дана.

Сорғыш (шырышты соруға арналған).

Амбу қабы.

Оттек.

Зарарсыздандырылған ауа үрлегіш (резинкалы).

Танометр.

Фонендоскоп.

Тегадерм немесе жапсырғыш.

Вазофикстер №16 - 2 дана.

Фоллея Катетері №№ 20-22 - 1 дана.

Несеп жинауға арналған қап - 1 дана.

Зарарсыздандырылған шпатель (жақты қозғауға арналған).

Дәрігерлік амбулатория/жалпы дәрігерлік практика бөлімшесі/участкелік қызмет, консультацияның-диагностика орталық/емхана деңгейінде акушериялық қан кету, ауыр преэклампсия, эклампсия және анафилактикалық шок кезеңдегі шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі

1. Акушериялық қан кету кезеңдегі шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі

0,9% хлорид натрийі 500 мл бойынша - 4 сауыт.

Окситоцин - 1 орау.

Мизопростол - 2 орау.

Шприцтер 5,0 - 4 дана.

Қанға арналған жүйе - 2 дана.

Инфузияға арналған жүйе - 3 дана.

Вазофикстер №№14-16 - 2 дана.

Зарарсыздандырылған қолғап №7-8 - 6 жұп.

Тегадерм немесе жапсырғыш.

Бұрау.

Спирт 70% - 1 сауыт.

Зарарсыздандырылған мақталы тампондар.

Бір реттік спирттік салфеткалар - 5-6 дана.

Фоллея Катетері №№ 20-22 - 1 дана.

Сорғыш (шырышты соруға арналған).

Зарарсыздандырылған шпатель (жақты қозғауға арналған).

Амбу қабы.

Оттек.

Зарарсыздандырылған ауа үрлегіш(резинкалы).

Танометр.

Фонендоскоп.

Несеп жинауға арналған қап - 1 дана.

Босану жолдарын тексеріп-қарау және жырықтарды тігуге арналған құралдар жиынтығы.

Тігіс материалдар (викрил, тикрил) - 2-3 дана.

2. Ауыр преэклампсия, эклампсия кезеңдегі шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі

1. 25% магний сульфаты 5 мл - 5 орау.

0,9% хлорид натрийі ерітіндісі 400 мл - 1 сауыт.

Инфузияға арналған жүйе - 2 дана.

Шприцтер 20,0 мл. - 4 дана, 5,0 мл. - 2 дана.

Нифедипин - 1 орау.

Зарарсыздандырылған қолғап №7,8 - 6 жұп.

Спирт 70% - 1 сауыт.

Зарарсыздандырылған мақталы тампондар.

Бір реттік спирттік салфеткалар - 5-6 дана.

Вазофикстер №№14- 16 - 2 дана.

Фоллея несеп катетер №№20 - 22 -1 дана.

Несеп жинауға арналған қап - 1 дана.

Тегадерм немесе жапсырғыш.

Бұрау.

Зарарсыздандырылған шпатель (жақты қозғауға арналған).

Сорғыш (шырышты соруға арналған).

Амбу қабы.

Оттек.

Зарарсыздандырылған ауа үрлегіш (резинкалы).

Танометр.

Фонендоскоп.

3. Анафилактикалық шок кезеңдегі шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі

0,9% хлорид натрийі ерітіндісі 500 мл - 1 орау.

Преднизолон 30 мг №3 - 2 орау.

Эпинефрин - 1 орау.

Инфузияға арналған жүйе - 2 дана.

Зарарсыздандырылған қолғап №7,8 - 6 жұп.

Шприцтер 2,0; 5,0; 10,0; 20,0 - 5 дана.

Спирт 70% - 1 сауыт.

Зарарсыздандырылған мақталы тампондар.

Бұрау.

Бір реттік спирттік салфеткалар - 5-6 дана.

Сорғыш (шырышты соруға арналған).

Амбу қабы.

Оттек.

Зарарсыздандырылған ауа үрлегіш(резинкалы).

Танометр.

Фонендоскоп.

Тегадерм немесе жапсырғыш.

Вазофикстер №16 - 2 дана.

Фоллея Катетері №№ 20-22 - 1 дана.

Несеп жинауға арналған қап - 1 дана.

Зарарсыздандырылған шпатель (жақты қозғауға арналған).

Ескертпе: медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде акушериялық қан кету, ауыр преэклампсия, эклампсия және анафилактикалық шок кезеңіндегі шұғыл медициналық көмек көрсету тағайындалған дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі өңделетін материалдан арнайы пластикалық жиынтықта «чемоданда» болуы керек. Жиынтық шұғыл және ыңғайлы, қолайлы жерде орналасу қажет.

Пациентке шұғыл медициналық көмек көрсеткенен кейін орта медицина қызметкері тағайындау парағында дәрілік препарат атауын, дозасын көрсету арқылы енгізу әдісін, бақылау парағында - жүрек жиілігінің қысқаруын, артериальдық қысым деңгейін, пульс және дене температурасын көрсетеді.

Толық құжатты жүктеу үшін: https://yadi.sk/i/7a7sFQmeZBqay

...