Оған бүйтіп айт: " БІЗДІҢ МАХАББАТЫМЫЗ БІТПЕЙТІН МЕЛОДРАММА, ҚАПТАҒАН ӨСЕКТЕР - ҚАПТАҒАН ГАЛАГРАММА, ОЛАРДЫҢ СӨЗДЕРІ МАҒЫНАСЫЗ ПАНАГРАММА, ҚОШТАСЫП БАРАМЫЗ, БІЗДЕРДЕ АМАЛ БАРМА ! . . . . . . . . . . (с) BaGi (тақырыпқа көшсек) 1) Ұмытсаңшы оны!Ұмыт!Алда әлі сан мың торап жол барысында аялар,қолдар бақытыңды жолықтырарсың әлі...Күлімдеп оянар таңдар келер,бұлттанған түндер де өтер.ҰМЫТ!Жаныңды босқа қинама!" - Ұмыт деймісің?!Ұмыта алсам осындай жағдайға душар болар ма ем?!Ұмытуым мүмкін болмаған соң жабырқаумын.Күлімдеп атар таң деймісің?!мен таң түгілі ұйықтауды ұмытқалы қашан?! Қалай күлу керек екенінде ұмытыппын. "Ілгері жүр,кейінге қарай тартыншақтамай!неге ілгері қадамыңды нық басып,өзіңе өзің дұшпан емессің ғой жаныңды қинамай бәрінде кейінгі өткенмен қалдыр.иә,сол дұрыс солай жаса" - Ілгері басып,көзімді жұмып бәріне қол сілтегелі қашан?!бірақ...бірақ бәрі көзге көрініп тұрғандай,ойлайтыным тек сол... "Ең болмаса сыр ақтарып жаныңды жегідей жеген бұл азаптан арылсаңшы?Осыншама солардай не болды өзі?Әлде сезімнен қашқақтаймысың? - Құрбыға да досқа да аян жан жарам...мен жалықпаған сезімнен олар жалыққандай,маған аянышты көзқарас танытатын болды,содан соң айтпауға бел будым.Мен махаббат дертіне шалдықтым,емім де емшім де тек сол ғана.Одан өзге ешкім көмектесе де алмайды.Солдым иә,мен солып барам...Қайтейін,қолымнан ештеңе келер емес.Мен оған керек болмағандай әлемде маған керексіз болып қалды...Қашқақтайтын мен де ол да емес...тек ол мендік сезімнен шалқақтап,асқақтағаны болмаса... 2) Ұмыт мені... Мен енді өзгелікпін. Байқадың ба? Мен сондай өзгеріппін... Сені ұмытып, Екеуміз күткен күнге, Өзім күткен күннен де тез келіппін. Көрдің ғой? Бақыттымын өзіңсіз де, Өмір сүре аламын сезімсіз де. Сабырлыға жаратқан берер бақыт Не береді, ойлашы, төзімсізге? Ұмыт бәрін Мені енді естен шығар. Сезім - бұлттай, Көңілден, көштен шығар. сені ұмыттым, Шынымен ойламаймын, Сол бір күндер көңілден көшкен шығар... 3) Ұмыт жүрек... Қой енді.... Ұмыт жүрек, жас алып жылауды. Ұмыт бәрін, Өмір мәңгі доғармайды сынауды. Өтті, кетті, Болашаққа орныңды бер. Ұмытпасқа амал жоқ, Қоймайды өмір қинауды. Шығар бәрін, Кеудеңдегі ұмыт болған күндерді. Өрте бәрін, Күніңді ойла ертеңгі. Ұмыт бәрін, Қалмасын бірде бір естеліктер, Ұмыт енді, Болмашы болған еркеліктер. Бекерге жүрек сен жылайсың, Ұмыт болды, Жоқ енді ол күндер, мұң-қайғы. Ұмыт күндер енді сені құптамайды, Жылай бер, көз жасыңа кім қарайды... Ұмытшы енді, Сенемін мен ертеңгі күнге арайлы, Сенемін және жаным соны қалайды, Бағындырып, мұң-қайғы талайды, Ұмытып өткен күнді, Өтерміз аңсап әлі талайды.....