+4 дауыс
5.4k көрілді
Эбола ауруы қандай ауру? Емдеу жолдары қандай, теледидардан естігенмін нақты ақпарат білейін деп едім.

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

    Aфрикада адамдарды ажалынан бұрын өлтіріп жатқан «Эбола» вирусы елімізге жетуі мүмкін

 

     Аса қауіпті «Эбола» вирусына қарсы шаралар Қазақстанда да басталды. Үкімет шұғыл түрде Африка елдерінде жүрген азаматтарымыздың тізімін анықтауда. Ал санитар-дәрігерлер қатерлі дерттің алдын алу ісіне кірісіп кетті. Мамандар вирус біздің елімізге де жеткен күнде ең алдымен не істеу керек деген мәселе төңірегінде қайта-қайта кеңес өткізуде. Өйткені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Эболаны» әлемдік дерт деп танып, дабыл қақты. Бүгінде Африкада бұл індеттен көз жұмғандар саны мыңнан асып жығылды. Ауруды тағы екі мыңға жуық адам жұқтырыпты.

Қазір «эбола» вирусының ошағы - Батыс Африкада жүздеген шетелдік дәрігерлер күні-түні көз ілмей жұмыс істеуде. Алайда, аймақтағы жағдай бұдан оңалар емес, керісінше сағат санап ушығып барады. Ең сорақысы соңғы күндері аты жаман ауруды медициналық қызметкерлердің өзі жұқтырып, науқастарға араша болатын адам табылмай тұр.

 

Сидия ЯЯ Тунис, Сьерра-Леоне Денсаулық сақтау министрлігінің өклілі:

- Елімізде медбикелер мен дәрігерлер тапшы болып жатыр. Эпидемиямен күресу үшін білікті мамандар керек, ал бізде ондай дәрігерлер жоқтың қасы. Осы жағынан қатты қиналып жатырмыз.

«Эбола», әсіресе, Африканың батысындағы үш мемлекет: Сьерра-Леоне, Либерия және Гвинеяны қысып барады. Қазір бұл елдерге де мыңдаған еріктілер мен мамандар көмектесуде. Бірақ жергілікті тұрғындар шетелдік дәрігерлерге сенбей, емшілерді жағалап, жағдайды қиындатып отырған көрінеді. Соның салдарынан індетті жұқтырғандар саны күн санап артуда.

   Максимилиан Гертлер, дәрігер:

- Қазір Батыс Африкадағы жағдай өте қауіпті. Ал Либерия мүлдем аянышты күйде. Дәрігерлер дертті жұқтырғандарды тіркеп үлгере алмауда.

«Эбола» - жұқпалы вирус. Ол ауамен және қан арқылы тарайды. Алғашқы белгілері : адамның бірден қызуы көтеріліп, басы ауырады, құсады, тіпті қан кетуі мүмкін. Аурудың алдын алу үшін гигиеналық тазалық сақтау керек. Ал, бұл Африкада мүмкін болмай тұр. Енді дерт басқа да құрлықтарға тарап жатыр. Сондықтан мұндай жағдайда Қазақстан қамсыз отыра алмайды.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас санитар-дәрігері:

- Сыртқы істер министрлігінен біз отандастарымыздың шетелге барған тізімдерін алып жатырмыз. Ал білім және ғылым министрлігінен 1 қыркүйекте студенттер оқуға кетеді, сол Африкада қанша студентіміз бар соны алып жатырмыз.

Ал Индустрия және туризм комитетіндегілер қауіпті аймақтардан оралған туристерге «Эболаның» белгілері байқаса немесе дерт тараған елдердің азаматтарымен соңғы 20 тәулік ішінде қарым-қатынаста болса, дереу дәрігерге көріну керек деп ескерту жасады.

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Эболаны» әлемдік індет деп танып, вируспен күресу үшін 100 миллион доллар бөлінетінін хабарлады. Бірақ бұл мәселені түбегейлі шешудің жолы емес. Өйткені әлі күнге дейін қатерлі дертке шипа болатындай нақты ем жоқ. Америкалық ғалымдар 

 

мәлімет ктк сайтынан алынды!

Мә СПИДтен қорқамызба Әлде Эболадан ба Мен ең жазылмайтын синдром имуниттенде күштірек СПИД деп жүрсем Енді Эбола ма жетпей тұрғаны осы еді?
+4 дауыс
Эбола вирусынан туындайтын ауру, әзірше қарсы вакцинасы жоқ (90 пайызға дейін өлім қауіпі бар), Африкалық кеміргіштерден жұғады
0 дауыс
Нақты ақпаратты Гугл көкең жақсы біледі, содан сұра ))
+1 дауыс
СПИД секілді, емі жоқ, өте күрделі ауру.
0 дауыс
Эбола ауруы (EVD) немесе Эбола геморрагикалық лихорадкасы (EHF), эболавирус себепші болатын адамдар мен приматтардың ауруы. Аурудың алғашқы белгілері екі күннен үш аптаға дейінгі аралықта көрінеді. Бұлшықет пен бас ауруымен бірге жүретін қызба (лихорадка). Әдетте диарея, құсу басталып, бауыр мен бүйректері істен шығады. Осы уақытта науқастың ағзасында іштей және сыртта қан ағу басталады.[1] Вирус жұқпалы жануар немесе науқас адамның сұйықтығы арқылы беріледі. Табиға ортада ауа арқылы таралу жағдайы тіркелмеген.[2] Өсімдік жарқанаттары арқылы таралады, бірақ оларға аурудың вирустары әсер етпейді.

Эбола белгілері.[3]

Ауруды емдейтін арнайы ем әзірге жоқ.[1] Әзірге науқас адамдарды емдеуде регидрацилялық терапия және ағзаға керекті қоректерді жүйе құю пайдаланылады.[1] Аурудың қауіптілік деңгейі жоғары, науқастардың 50% мен 90% аралығында қайтыс болады.[4] Ебола ауруы алғаш рет Судан (қазіргі Оңтүстік Судан) мен Конгода тіркелген.Эболаның әзірге емі жоқ.
+2 дауыс

......................

...