+2 дауыс
8.1k көрілді
2 күннен бері әтешімнің басы салбырап ал тауықтың 1 көзі ашылмай қалды неден болуы мүмкін емі барма болса қандай?
Ерігіп қоя салған сұрақ сияқты мааа қалай?
Ерігіп емес керек болғасын сұрап тұрмын

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тауық құсын асырау өте қиын. Олар оте тазалықты қажет ететін құстар. Қорада ылғалдылықпен қапырықтық мүлде болмау керек. Құс ауырғанда оған күтімді жақсылап жасау керек. Сіз айтқан тауығыңыздың бір көзі іріңдеп кетті дедіңіз бе қалай? Ол тұмау ауруының белгісі. Бұндай ауру тауықтарда жиі кездеседі. Бұл ауру жұқпалы ауру. Егер қорада бір тауық ауратын болса қалғандарынада жуғады. Бұл ауруды емдеу жолдары өте қиын. Жалпы айтарым ауырған тауыққа ем издемей, ауырмайтын жол іздеңіз. Бұл аурудан сақтану үшін малдәрігерлік аптекасынан арнайы тамызғылары болады. 500 тг болатын болу керек. Жақсылап малдәрігерлік аптекасынан сұрап алыңыз. Екіншіден тауықтарда ішекқұрттар ауруы бар (гельминттер). Бұл аурудан емделу үшін антигелминт таблеткасы бар соны 3 күн бересіз. Әр күні тауық құраны тазалап тұрасыз. Егер тазаламасаныз өз қиын өзі жеп гельминттер қайта пайда болады. Үшіншіден паразиттік аурулар бар. Тауығыңыздың қанатының астын қарап қойыңыз. Егер тауығыңыздың қанатының астында бит болатын болса иттерге арналған антипаразит болады. 1 350тг болу керек. соны тауығызға екі тамшы тамызасыз. одан көп тамызуға болмайды. Балапандарға 1 тамшы тамызсаңыз жетеді. құстарға осындай күтім керек. тауық қораны өте таза ұстау керек. Жінеде бөтен тауықтардың қораға кіруіне жол бермеңіз.
0 дауыс
арақ ішкізіп  көр пайдасы тиіп қалар
мүмкін, сұйық пенициллин де көмектесер?
0 дауыс
Ветеринар маманды шақыру керек. Құс тұмауы болып жүрмесін.
0 дауыс
Мендеде осы ауыру тауыктарымда .кетеди кайта шыгады .тефазалин салудамын.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
2 жауап
+2 дауыс
4 жауап
...