+1 дауыс
7.0k көрілді
Мен біраз болды Қара тминді пайдаланып журмін, білуімше ол өлімнен басканын баріне ем. Құраннан окыганым бар еді. Қолданып коргендер бар болса ой болісіңіздер.

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қара тминді пайдаланып жүргеніме біраз жылдың қатары болды. Жақсы нәрсе. Әрине бірнеше түрін пайдаландым. Түрінде көп маңыз бар екен. Маған ұнап, өзімнің денсаулығыма әсер еткені? эфиопиялық қара тмин. Тұмау басталып жатқанда ішсеңіз, жақсы көмек береді, сонымен қатар суықтаған жеріңізге жақсаңыз суығын тартып алады және т.б., өте пайдалы. Ең жақсысы ол зиянсыз.
+2 дауыс
Тмин (Carum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Еуразияда өсетін 30-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда бұлақтар мен өзендердің жағалауында, шалғынды жерлер мен бұталардың арасында, тау етегінен бастап субальпілік белдеулерге дейінгі аралықта өсетін 1 түрі – кәдімгі Тмин (Carum carvі) бар. Оның биіктігі 40 – 60 см. Кіндік тамыры жіңішке, ұршық тәрізді. Сабағы дара, іші қуыс, терең жолақты, аша сияқты бұтақталған. Жапырақтары жалаңаш, түп жағынан кеңейген сағақта орналасқан, олардың жапырақ тақтасы 6 – 8 жұп отырыңқы буындармен жалғасқан, жай немесе екі қайтара қауырсынды тарамдалған. Шатыршалары орамсыз немесе 1 – 2 түп жағындағы жапырақшалармен 5 – 11 сәулелі болып келеді. Сәулелерінің ішкілері сыртқыларынан қысқа, шатырларында 20-дай гүл болады. Күлтелері ақ түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі жұмыртқа тәрізді. Тминнің шаруашылық үшін маңызы зор. Оның тұқымының құрамында 5,75%-дай эфир майлары (карвон және лимонен) болады. Тмин майы медицинада, ветеринарияда, сабын қайнатуда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Майының қалдықтары құнды мал азығы – күнжара алу үшін пайдаланады.
0 дауыс
Ассалаумаалейкум.шипа Алладан.кара зерени пайдаландым асказандагы жарам кетти Аллахтын калауымен.
...