Бар тапқаным осы.Егер пайдағы асып жатса Іске сәт!!!
Ақша туралы аздаған ақпарат
Алғашқыда түрлі тайпалар мен халықтарда ішкі және сыртқы сауда-саттықта оның басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шығып, олар құн төлеуге пайдаланылды. Яғни, ерте заманда гректерде, римдіктерде, славяндарда, монғолдарда, қыпшақтарда – мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз ақша рөлін атқарды. Кейін тауар өндірісі мен тауар айналымының дамуы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауысты. Біздің заманымыздан бұрынғы үшінші ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып, біздің заманымыздағы бірінші ғасырда салық есебіне алтын, күміс құймаларды алды. Дешті Қыпшақ елінде 6-8 ғасырларда билеуші рулардың таңбалары бейнеленген теңгелер құйылды. 17 ғасырдың басында қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Қазақ елінің ұлттық валютасы – теңге. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 13 қарашадағы Жарлығымен осы жылдың 15 қарашасында теңге айналысқа шығарылып, ел аумағындағы бірден-бір заңды төлем құралына айналды. Содан бері 15-қараша – Теңге күні.
Ақшаның сезімталдығы Бірқатар болжамдар бойынша, ақша жансыз қағаз болып көрінгенімен, оның сезімталдық қасиеті бар. Әрине, бұл – қиял ғажайып ертегіге ұқсайды. Алайда бизнес сабақтарын жүргізуші көптеген мамандар ақшаның физикалық дене еместігін дәлелдеп, оның бойында қызбалық, сезімталдық қасиеттердің барын айтады. Олар: «қағаз купьюр мен металл тиындар (ақшалар) өздерін қадірлеп, қастерлеп, аялағанды жақсы көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді. Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей алмаған өзіңізден көріңіз», - дейді. Өте қызық болжамдар.
Ақшаға байланысты мұндай болжамдарға сенсек, қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша ақша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен. Яғни, жоқ десең жоғала береді.
Жасыратыны жоқ, біреудің ақша жинауы бізге оны сараң, қанағатсыз, қайырымы жоқ кейіпте елестетеді. «Ар-намысы таза адамның ақшасы аз болады», - деп те ойлаймыз. Ақша қасиетін зерттеушілердің ақыл-кеңесі: біздің басымызда мұндай ой, пікір болмауға тиісті. Егерде мұндай ой көкейімізге ұялай қалса, дереу одан құтылып, ақша жинау, оны үнемдеп жинау жөнінде жақсы ойға бөленуіміз қажет. Сонда ақша сенің жаман ойың үшін, өзіңді айналып өтпейді. Иә, әрбір адамның өз ақшасының көп болуын қалауы – қанағатсыздық емес. Тек оны адал жолмен, ешкімнің еңбегін жемей, көз жасына қалмай табу қажет. Осы орайда үлкендердің балаларына: «Жұмыс орының қанша жалақы берсе де берекесімен берсін», «Қанша айлық алсаң да құдайға шүкір, жеткілікті» - деп айт», «Байлық пен мансап қолдың кірі», - деп айтып отыратыны есіңе түседі, «Олар сонда бізге асып-таспай әр нәрсенің қадірін біл, ақшаңды ұқсатып жұмсап, барыңды бағала, орынсыз ешнәрсені шашып-төкпе деген екен ғой», - деп ойға батасың.
Ақшаның күші мен қасиетін білдіретін 7 ереже
1. Мал - баққанға, ақша – адалдан тапқанға бітеді.
2. Ақша туралы арам ой да - зиян.
3. Алаған қолым – береген. Үстемелеп берсеңіз, үстемелеп аласыз.
4. Қайырымдылықпен айналыссаңыз, шығынның қайтарымы мол болады.
5. Басы артық дүниеңізді бас- қаларға беріңіз. Алғысының күші ақша болып қайтады.
6. Жанашырлық жасағанды Жаратқан Ием жарылқайды. Біреуге міндетті түрде көмектесетін бол.
7. Фәнидегі басты парызың – қайырым, садақа. Оны ұмытсаң, өзің де ұмытыласың.