Тәуекел – кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды. Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс. Банк ісінде тәуекел – белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресурстарының бір бөлігін жоғалту қауіпін білдіреді. Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тәуекелдер жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады. Саяси – бұл мемлекет құрылу ерекшелігімен байланысты, мемлекеттік билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы (мысалы, үкіметтің тез ауысуы, басқару және саяси режимнің өзгеруі), үкіметтің экономикалық және бақа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі (ұлтшылдандыру, жекешелендіру, т.б.), этникалық және аймақтық мәселелер, әлуметтік топ мүшелерінің поляризациясы және т.б.; Құқықтық – банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативтік шектеулер (мысалы, экспортты және импортты шектеу, шетел банктері қызметін лицензиялау, шетел инвестицияларын лимиттеу); Экономикалық: *жалпы экономикалық тәуекелдер – экономикалық құндылықтар экономикалық саясатпен байланысты, ЖҰӨ өсуі ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың экспорттан жоғары болуы, экспорттан түсетін табыстың азаюы; *қаржылық тәуекелдер – ақша-несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сыртқы қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы қарызға жаппай мораторий, трансфертті тәуекел, елде несие мен займдар бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының болмауы, сондай-ақ импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен квоталардың енгізілуі. Банктің өзінің қызметіне байланысты тәуекелдер ішкі тәуекелдер деп аталады. Ішкі тәуекелдер келесідей бөлінеді: *банк активтермен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырысушылық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша, қаржылық және инвестициялы тәуекел және т.б.); *банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тату тәуекелдері және диверсификация тәуекелі); *банк өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсідігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі); *қаржылық қызмет жүзеге асыру тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық тәуекелдік, жаңа еңгізулер тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі). Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады: *несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі); *пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі); *өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтетін бұзу тәуекелі); *капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі). Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете алмау мүмкіндігі: *берілген кепілдер бойынша; *шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісім- шарт бойынша; *несиелік міндеттемелер бойынша; *валюталық мәмілеге отыру бойынша. Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері: -Бір қарыз алушыға шектеу қою; -Мәмілені құрылымдау және қаржыландыру шартын анықтау; -Мүдделердің қақтығысын жоққа шығару; -Қарызды синдинцирлеу; -Қарыз алушының тәуекелін сақтандыру; *Міндеттемені қамтамасыз ету.