1.Келісімшарт деп екі немесе одан да көп тұлғалар арасында жүргізілетін құқықтар мен міндеттемелердің қалыптасуы, өзгертілуі және жойылуы туралы келісімі. Банк пен клиенттің бірлескен қызметі жүзеге асырылатын болса, бірлескен кызмет туралы келісімшарт бекітіледі. Онда тараптардың құқықтары мен міндеттері, олардың арасында пайданы бөлудің әрі қаржыландырудың тәртібі айтылады.
Несиелеу банк пен клиент арасында бекітілген несие келісімшарты негізінде жүзеге асырылады. Бұл келісімшарт ссуданы берудің және өтеудің мерзімін, шарты мен тәртібін, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, ссуда бойынша кепілдікті және пайыздық мөлшерлемені реттейді.Барлық аталмыш келісімшарттар банктің клиентпен өзара қарым-қатынасының сипатын анықтайды. Келісімшарттар олардың арасында болатын келіссөздердің, бір-бірінің қызметін алдын ала мұқият зерттеудің нәтижесінде бекітіледі. Банк нақты әдістеме бойынша, көбінесе өтімділік, айланымдылық, қаражатты тарту және пайдалылық секілді негізгі төрт көрсеткішке сүйеніп, серіктесінің қаржылық жағдайы мен несие қабілеттілігін талдайды.Жоғарыда аталған келісімшарттар банктің бастамасымен және клиенттің бастамасымен де бұзылуы мүмкін. Келісімшарттардың бұзылуына мыналар себепкер болуы мүмкін: тараптардың өз міндеттемесін орындамауы, өз міндеттемесін орындаудың мүмкін еместігі, тараптардың өз міндеттемесін теріс пайдалану және т.б.