+2 дауыс
1.2k көрілді

ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Қаражанбасмұнай» АҚ үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салық мөлшері төмендетілді

Астана, 25 маусым 2014 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 18-ші маусымындағы Қаулысымен Қаражанбас газдымұнайлы кен орны (Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы) рентабельділігі төмен, жоғары тұтқырлы, сулы, дебиті аз кен орындарының санатына жататын көмірсутек шикізаты кен орындарының тізіміне енгізілгенін хабарлайды. Қаулыға сәйкес, Қаражанбас кен орны үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0,5% көлемінде бекітілді. Бұған дейін аталған салық 9-10% көлемінде болатын.

Қаражанбас кен орнын игеретін «Қаражанбасмұнай» АҚ-да «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ және CITIC Group мемлекеттік қытайлық корпорациясы тең үлеске ие.  «Қаражанбасмұнай» АҚ тәуліктік өндіруі 19 мың баррельді құрайды. 2Р санатындағы қорлар 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 374 млн. баррельді құрады. 

1 жауап

0 дауыс
өз өіме рахмет ия
...