0 дауыс
7.2k көрілді
Йод  және  темір  жетіспеушіліктің  алдын  алу  тақырыбы  бойынша  слайд  тауып  бере  аласыздарма?

1 жауап

+1 дауыс
Йод – адам ағзасының қалыпты өсуiне, дамуына қажеттi микроэлементтердiң бiрi болып табылады. Адам организмiне тағам мен судан түсетiн йодтың қажеттi деңгейде жетiспеуi – йод жетiспеушiлiгi аурулары мен олардың бұзылуларына әкеп соғады. Йод жетiспеушiлiк ауруларының iшiнде – эндемиялык зоб аса қауiптi ауру болып табылады. Оның салдарынан көптеген аурулар, атап айтқанда, түйiндi құрылымдар мен қатерлi iсiктер дамуы мүмкiн. Йод жетiспеушiлiк ауруларының ең ауыр түрлерiнiң бiрi – балалардың ақылы мен дене дамуының тежелуi, жыныстық дамуының жетiлмеуi, әйел адамдардың жүктiлiк кезiнде түсiк тастау немесе көзi көрмейтiн, ақылы кем бала тууы сияқты жағдайлар жатады. Йодқа аса мұқтаж аудандарға таулы жерлер мен аумағы теңiзден алыс орналасқан аумақтар жатады. Өсiмдiктер мен жануарлардың организмiнде йодтың болуы оның қоршаған ортасына байланысты. Себебi, көп топырақтар түрiнде йодттың құрамы аз және азық-түлiк өнiмдерiнiң басым көпшiлiгi бұл микроэлементке тапшы болып келедi. Қазақстанның 14 облысының 11-iнде йод жетiспеушiлiк кездеседi. Қазақстанның оңтүстiк және шығыс бөлiгiпде бұл жағдай өршiп тұр. Зобтың эндемиялық сипатта дамуы жаппай алдын алу шараларын жүргiзу қажеттiлiгiн тудырады. Бiрiншiден, азық-түлiк өнiмдерi мен су арқылы тұрғындарды йодпен қамтамасыз етудi ұйымдастырған жөн. Алайда, йод жетiспеушiлiк ауруларына келесi алдын алу жұмыстарын жүргiзу қажет: 1. Мамандардың кеңесiн есепке ала отырып, тұрғындарға құрамында йод бар медикаменттердi тағайындау; 2. Йодпен байытылған азық-түлiктердiң көмегiмен йод жетiспеушiлiктi жою. Йодты алудың ең бiр жақсы жолы – йодпен байытылған теңiздiң жәндiктерiн, теңiз балықтарын, теңiз балдырларын, теңiз өнiмдерiн тағамға жиi пайдалану болып табылады. Адам йодтың 90 пайызын тағамнан, ал қалғандарын ауа мен судан алады. ДДСҰ кеңесi бойынша йодтың тәулiктiк қажеттiлiгi: Ана сүтiмен қоректенетiн балаларда – 50 мкг; Кiшкентай балаларда (1 жастан 7 жасқа дейiнгiлер) – 90 мкг; Орта жастағы балаларда (7–12 жастағылар) – 120 мкг; 12 жастан жоғары балалар мен ересектерде – 150 мкг; Екiқабат әйелдер мен бала емiзетiн әйелдерде – 200 мкг. Йодтың тағамдық көздерi: Теңiз тағамдары – балық, балық майы, теңiз жәндiктерi, теңiз орамжапырағы және т.б. Көкөнiстер – қызылша, салат, шпинат, қызанақ, сәбiз, қартоп, орамжапырақ, пияз, бұршақ, сарымсақ. Сондай-ақ, жемiстер, жидектер, жаңғақтар – құрма, алма, жүзiм, шие, шабдалы және балқарағай жаңғақтары. Жармалар – қара құмық және тары. Йод, сондай-ақ, келесi тағамдық өнiмдерде көп кездеседi (100 г шикi өнiмге шаққандағы мкг); треска балығының бауырындағы майда – 350–700, хекте – 160,0, минтайда – 150,0., тұздалған майшабақта – 77,0, трескада – 60, горбуша, зубатка, кетада – 50,0, бұршақта – 12,8, етте – 11,4, жұмыртқада – 10,0, майда – 9,0, сүтте – 5,8 мкг. Алайда, тағамда қажеттi микроэлементтер жеткiлiксiз болса, онда оның орнын толтыру үшiн микроэлементтерге бай өнiмдердi пайдалану тиiмдi. Барлық байытылған өнiмдердiң қорапшаларында «сапалы азық» деген фирмалык эмблемасы болуы тиiс. Йод жетiспеушiлiкпен күресудiң ең маңызды жолдарының бiрi – жаппай тұрғындардың йодталған тұзды тұрақты пайдалануы болып табылады.
...