Тайпейде өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы турнирдің сұлу аруы атанды.
Бұл туралы chinatimes.com сайты хабарлайды. 17-рет өткізіліп отырған турнирдің ұйымдастырушылары Сабина Алтынбекованы хас сұлу деп таныпты. «Сабинаның бойы 182 сантиметр, аяқтары ұзын, сүйкімді, күлкісі әдемі. Ойынымен болмаса да көркімен көрермен назарын жаулады» деп жазады chinatimes.com сайты.
Естеріңізге сала кетейік, сайысты Taipei Municipal University ұйымдастырды. Жарысқа 15 команда қатысты. Қазақстан В тобында Қытай, Вьетнам, Жаңа Зеландиямен бірге өнер көрсетті.
Ақпарат көзі: http://aynaline.kz/archives/1654