0 дауыс
408 көрілді

ҚМГ БӨ  «Ембімұнайгаз» АҚ-нан талап етілген айыппұл сомасының азайтылғанын хабарлайды

Астана, 23 маусым 2014 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) ҚМГ БӨ мен «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) Атырау облыстық прокуратурасы тексерісінің нәтижелері мен Атырау облыстық экология департаментінің қоршаған ортаға зиян тигізді деген айыппен  2014 жылдың 15-ші қаңтарында  37,2 млрд. теңге (201 млн. АҚШ доллары) талап еткен кесімі бойынша  ҚР Бас прокуратурасы мен Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (Сот) шағымданғанын хабарлайды.

Шағымданудың нәтижесі бойынша, Атырау облыстық экология департаменті Компанияға тағылатын айыппұл сомасын 1,9 млрд. теңгеге (10,4 млн. АҚШ доллары) дейін азайту туралы жаңа кесім шығарды.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Эмбамұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...