Албырт билеу қажет. Бұл құштарлық биі. Бар болғаны белсенді түрде қолдарыңызбен бұлғай беріңіз. Арасында аяқтың ұшында тұрып және аяғыңызды бұрап билеуге тырысыңыз. Айналып жүріп немесе бір орында айналсаңыз болады. Егер шамаңыз келктін болса, бірнеше акробатикалық қимыл да қосып жіберсеңіз болады. Жалпылап айтқанда, 80-жылдардың дискотекасындағы секілді, бұрышта тұрып билеуге болмайды. Кавказдық гендердің болуы міндетті емес. Бастысы - қызу қандылық. Өзіңізді көрсетуден қорықпаңыз - бұл жерде қақаңдау керек. Және де, ер адамдар бірінің алдында бірі қақаңдайды. Егер де сіз бикеш болсаңыз, олардың назарын өзіңізге аударуға тырысыңыз. Бірақ есіңізде болсын, кенет қимылдар жасамаған дұрыс. Бұл жерде жұмсақтық қажет. Және көзіңізді төмен қаратып жүріңіз. Немесе, әлдебіреуге жасырын бірнеше көз тастасаңыз да болады.