Бумерангты өзіңіз жасасаңыз да болады, бірақ оны арнайы дүкеннен немесе жергілікті базардан сатып алған қайда жеңіл. Егер қолыңыздың ебі бар болса, сіз оны өздігіңізден де жасай аласыз. Біршама күрделі нұсқасы - бірақ ұзақ уақытқа жарамды және мықтысы - ауыр және тығыз, біртұтас ағаштан жасалған бумеранг. Алдымен бумерангқа арналған арнайы үлгіні алу қажет, оны тақтайға қойып, жан -жағын белгілеп шығасыз. Енді ептілікті қажет ететін, біршама қиын жұмыс. Бумерангты өзіне тиесілі пішінде, яғни, ортасы қалың, шеттері жұқа болатындай етіп өңдеп шығу қажет. Енді ғана сіз оған қорғаныш заттарын жағып шыға аласыз.