+3 дауыс
6.7k көрілді
Хиджаб киген қыздарға қалай қарайсыздар? Олардың кигені дұрыс па?
Сұрақтың жабылу себебі: Тиiстi жауабы алынды.

12 жауап

+5 дауыс

Дұрыс емес, әрине. Қазақтың қыздары ежелден ерке, еркін өскен. Хиджабты қыздар көбіне жігіттер тиіспесін деп киеді 

Біріншіден оны жігіттер тиіспесің деп кимейді! екіншіден қазақтың қыздары хиджап болмаса да бүкіл жұрттың көзі түсетін жерін жауып, ұзын киінген!
+2 дауыс
Дұрыс емес әрине, бұрын қазақта ондай киім болмаған
+3 дауыс
Осы бір сұрақ өлмейтін сұрақ болды))) Қазақ қыздары хиджап кигені дұрыс емес деп ойлаймын, бірақ қыз балалары ұятты жерлерін (еркек көзі түсетін) жабық, құпия ұстағаны дұрыс деп ойлаймын. Біздің қазақ қыздары әлмиссақтан ақ әдептілік,көргенділік жағынан еш ұлттан кем қалған емес.Қыздарымыз жас айырмашылықтарына, жыл мезгілдеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге (ұзатылу, көші-қон, ат үстінде жүру, жаугершілік сияқты) қарай киім кию үрдістері болған, сол жеткілікті деп ойлаймын.Егер біз заман талабына лайықталындырылған (мата түрлері,көлікте жүру, кеңсе қызметтері, оқу орнындарында қолайсыздық туғызбайтындай жаңашаланған) бірақ  салт-дәстүрімізбен астасатын фасондармен киіне білсек ешкімнен кем қалмаймыз.Ал сырттан келген кірме салттар болсын, киім үлгілері болсын, тіпті тағамдар да бізге еш жақсылықтарымен келмейді, өз менталитеттерін тықпалай келеді.Сондықтан сақ болған жөн болар.
Сақтық болғанда бұл сұрақ болаp ме еді)?
Белгісіз
+3 дауыс
Дұрыс н/е бұрыс деп айту қиын. Әркімнің ойы басқа. Меніңше, қыздар ашық-шашық киінгенше, хиджабты қазақы ою-өрнектермен әрлеп-сәндеп кигені жақсы болады. Қазір қыздар ашық киініп суреттерін әлеуметтік желілерге ұялмай жариялайды, сол суреттерді болашақта бала-шағасы көрсе не дейді? Жігіттер ашық киінген қыздармен өмірлік жар ретінде емес, уақытша қыз ретінде жүреді, сонда ол қыздардың болашағы не болмақ? Сол үшін қыздар, хиджаб кимесе де сәл жабықтау киінгені жақсы.
ьлә ол құбылыс қашан тоқталады дешиш?)
Белгісіз
+2 дауыс
Дұрыс емес.Қазіргі заманда бәрі сәнді киіну қажет, бірінен-бірі озып.
0 дауыс
Хиджаб қазақтың да арабтың да киiмi емес. Хиджаб мұсылман әйелдердiң үкiм етiлген киiмi. Хиджаб кию дұрыс емес дейтiндер, Аллахтың үкiмiне қарсы келгендер, немесе құранды мүлде ашып оқымайтындар, немесе құран оқи алмайтындар деп есептеймiн. Хиджабтың мұсылман әйелдерiне үкiм етiлгенi туралы құранда былай делiнедi: Алла Тағалла Құран Кәрімнің "Ахзаб" сүресінің 59-шы аятында: "Әй, пайғамбар әйелдеріне және қыздарына, сондай-ақ, иман келтірген әйелдеріне пәктігін сақтау үшін өздерін жабсын деп айт," делiнген. Сонымен қатар: Құран Кәрімнің "Нұр" сүресінің 30-шы аятында: "(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы,"- деп оқимыз.
Құранды оқу бар, жаттап алу бар, сондай-ақ дұрыс түсіну бар (пікіріңмен еш келіспеймін), Құранда салттарыңнан, ұлттық киімдеріңнен безініңдер деген ешбір сөз жоқ. Дұрыстап түсіну керек...сен де адасқанның бірі боларсың
Ұятты жерлерін жапқаны дұрыс әрине. Бірақ шаштың , мойынның не ұяттығы бар, а??? Сонда сен біздің әже-әпкелеріміздің бәрін күнәхар дегің келіп отыр ма???
Әрине дұрыс киген сізбен келісемін, егер кигізбесе сол заңды шығарған адам Алланың қаһарын тудырып жазаланады
+3 дауыс
Қазақтың қыздары ұзын етекті ұзын жеңді көйлектер киген.Ал хиджап дегенді естімеген.Ата- әжелеріннің сандық қобдишаларын ақтарып қарасаңдар ондай бірде- бір киім жоқ.
0 дауыс
менинше дурыс! кеиін о дүниеге барған кезде біздің кәзіргі киіміміз ол жерде киім болып саналмаиды екен! ал хиджаб кигеннен кеиін ол адамды киіндіреді деген екен бір газетте! аспанда жалаңаш жүргендеи болады екен хиджаб кимеген аиел азаматтар!
Сен де айттың ба дедім ғой )))
Ол газеттің журналисі не, о дүниеге барып келіп пе екен
бұл Жауап берген Қолданушы тек Газет оқып сұрақ жауап сайтын қарайд екен)
Белгісіз
Дұрыс айтасыз
+1 дауыс
Дұрыс емес!!!!!!!!!!!
+1 дауыс
Әурет жерлерге әйелдерге шаш, аяқ  (тобыққа дейiн) қол (бiлезiкке дейiн) омырау, мойын барлығы жабылуы тиiс.Алысқа бармай-ақ,қазақ қыздарыңың ұлттық киімдерін қараңызшы,осы талаптар толығымен сақталған.Әжелеріміз кимешек киген
+1 дауыс
Әр кім әр қалай түсінеді. Үйінде көрген тәрбиеге байланысты.
+1 дауыс
Киеме, кимейме оздерi бiледi. Ен бастысы дурыс жолды устанса болды. Ал бастан аяк кап-кара боп киiнiп жургенге карсымын.

Ұқсас сұрақтар

...