Еркебұлан интернет арқылы құжаттарыңды тапсыра алмайсың өкінішке орай. Қажет құжаттарыңды жинастырып өз қалаңдағы мемлекеттік жоғарғы оқу орнына барып өткізуің керек. Олар сенің жинаған балыңды т.б. ақпараттарды сканерден өткізіп Астана қаласындағы Білім және ғылым министірлігіне жібереді. Сонда жалпы Қазақстандық конкурс ойнатылып нәтижесі Егемен Қазақстан газетіне мүмкін ерте болып жатса Сұрақ-Жауап сайтына да шығып қалады. Ал қалаға келетін болсақ, 4 мамандықты таңдап әр қалаға жазуыңа болады. Оны өзіңе жақын қалада, ЖОО-да тапсырсаң болады.
Өзіңмен бірге қажет болатын құжаттар.
ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттар:
Белгіленген үлгідегі бланкте өтініш
Білім туралы құжат (аттестат немесе диплом қосымшасымен) – түпнұcқасы
Ф 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама (егу картасының көшірмесі)
Тестілеу нәтижесі туралы мемлекеттік сертификат (болған жағдайда)
Мемлекеттік грант тағайындау туралы куәлік (болған жағдайда)
Жеңілдікке құқық беретін құжат (жетімдер, мүгедектер, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары)
Жеке куәлік (көшірмесі)
СТН (көшірмесі)
6 фотосурет (3х4 см), кешенді тестілеуге қатысушылар үшін 2 фотосурет (3х4 см)
Конверт
Тестілеу төлемақысының түбіртегі (кешенді тестілеуге қатысушылар үшін)
Қағаз папка (байланатын)