+1 дауыс
2.5k көрілді

Махаббат белгісі ретінде көпірге құлыпты салып кету қайдан шыққан?

3 жауап

+1 дауыс
Ондай салт тек АҚШ-та ғана болу керек. Тілек айтып, құлыпты көпірдің жақтауына құлыптайды да, кілтін суға лақтырып жібереді. Солай істесе, тілек орындалады деп ырымдайды.
Жоқ, АҚШ емес, Германияда бар. Махаббат көпірі деген. Сол көпірге кілтті кілттеп кетеді.
+1 дауыс

Махаббат көпірі

Сіздің де, біздің де, бүкіл әлем халықтарының да ұғымындағы махаббат қаласы – Париж. Париж қаласындағы аты аңызға айналған махаббат мекендеріне қарап, осындай қорытындыға келуге әбден болады. Алайда, ару қаламыз Алматы да мұндай орындардан кенде емес. 

Мәңгілік махаббат пен ғаламат ғашықтықтың нышаны бола алатын осындай мекендердің бірі – Алматыдағы аты аңызға айналған Есентай жағалауынан орын тепкен.

Қиялға сен де байсың, мен де баймын,

Арманға сен де, мен де құшақ жайдым.

Жүрек үнін паш етер "көпірі махаббаттың"

Жағасына шақырып Есентайдың...

Алдарыңыздағы «махаббат көпірінен» кез келген күні, әсіресе айлы түндерде қол ұстасқан қос ғашықтарды көруге болады.

Бұл жаққа сүйген жандар арнайы келіп, көпірдің темір тұтқаларына өздерінің есімдері қашап жазылған құлып тағып кетеді. Құлыпты көпір тұтқаларына бекіткен соң, екі ғашық өз сезімдерінің куәгері болып тұрған Есентай атаның сылдырлап аққан суына кілтті лақтырып жібереді.

Көпірде ілінген құлыптарға қарап, бұл жерге ат басын тіреушілердің тек қана ғашықтар емес, көпшілігінің нағыз достар, шын сыйлас жандар екендігін байқауға болады.

Әдетте, мұнда демалыс күндері некелерін қиған жас жұбайлар келіп жатады.

Қаншама жастардың бақытты сәттеріне куә болған Есекеңнің жағалауы сіздерді де күтеді. Мәңгілік махаббатты армандасаңыз, «махаббат көпіріне» жол тартыңыз!

Ақпарат алынды мына жерден.

Мынандайда бар. Париждегі көпір «махаббат құлыптарын» көтере алмай құлады

АСТАНА. 10 маусым 2014, 10:33. BNews.kz
 
 Париждегі атақты Өнер көпірі «махаббат құлыптарын» көтере алмай құлады, деп жазады Daily Mail. Оқиға орнында болған туристер қауіпсіз жерге көшірілді. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.
 «Металдан жасалған қоршау өзенге емес, ішке қарай құлаған. Егер темір жақтау өзенге қарай құлағанда қайықта отырған адамдар зардап шегетін еді»,- дейді жергілікті полиция қызметкері.

 Туристер мен ғашықтардың арасында танымал болған Өнер көпірі алғаш рет 1802 жылы салынды. Қайта жөндеу жұмыстары 1980 жылы жүргізілді. Әдетте, мұнда келушілер көпірдің темір жақтауына есімдері жазылған құлыпты іліп кетеді. Мұнда келген ғашықтар да бір-біріне сезімдерін білдіріп, аспалы құлыпты тағып кетуді дәтүрге айналдырған. Осы оқиғадан кейін Париж қаласының мэрі Анна Идальго қаланың көркіне нұқсан келтіретін дәстүрлерге тыйым салуды тапсырды. Болмаған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын атап өтті.
0 дауыс
Бұл тек шетешде емес Біздің Атыраудада бар жаяу жүргінші көпірінде бірталай кілттер кілттеулі
...