Мен айтар едім адамға жағу үшін ештеңе істеудің қажеті жоқ қандай адамсың сондай болып,жүре бер ал кім сені жақтырады немесе кім жақтырмайды ол жағына назар аударма!Жалпы өмірде қандай адамсың мейлі мейрімді бол,мейлі қу бол,мейлі жомарт бол тек өзіңнің (истинный)шынайы қалпыңнан тайма.Ал кім жақтырады кім жақтырмайды ол сол адамның еркіндегі нәрсе.Біреуге ұнау үшін немесе жағу үшін олай істе былай істе деп кеңес бермим.Ондай жағдайда сен сол адамға жағу үшін ғана мінезіңді өзгерткен болып қаласың.Бір күні маскаң шешілгенде өзіңе ұят болады.Ең дұрысы өмірде қандай ұстаныммен жүресің,кімге ұнап жүрсің кімге ұнамай жүрсің ол маңызды емес.Маңыздысы шын мәнінде қандай адамсың!