Ең алдымен шашыңның ұшын қиып таста. Ұштанған шашты қалпына келтіру мүмкін емес. Содан кейін мына маскаларды қолданып көр:
1. 1 жұмыртқаның сарысын , 1 ас қасығымен лимон шырынын, 1 ст.л өсімдік майы мен 0,5стакан қайнатылған (жылы) суды араластыр. Бас терісіне және шашыңа жағып 30 минутқа қалдыр. Одан кейін салқындау сумен 1, жылы сумен 2-ші рет жуып таста.
2. 1 жұмыртқаның сарысын, 1 ч.л балды , 1 ст.л майсана майын (косторовое масло) мен 1 ст.л коньякты алып араластыр. Шашыңа жағып , 30 немесе 40 минуттан кейін жуып таста.
3. Түнге қарай 2,5 немесе 3% - тік айранды алып шашыңа жағып, таңертең жуып таста.
4.1 стакан қайнатылған суды алып , 2 қасық бал қос. Шышыңды өріп , ұшын стаканға салып 10 минуттай ұста.
Ұштанатын шашқа арналған шампунь, бальзамдарды қолданған дұрыс. Керамикалық немесе ағаштан жасалған тарақтарды пайдалан. Көбірек су ішіп, күнделікті балық жеуге тырыс.
Сұрақтарың болса немесе тағы басқа маскалардың рецепттері керек болса ЛС жаз :)