0 дауыс
36.5k көрілді
Ассламу алейкум! Намазды енді бастайын деп жүрмін! Таң, бесін, екінті, ақшам, құптан деген намаз уақыттарын түсіндім! Ал одан ерте, түн жарымда имсак, бамдат намаздары бар екен олар қандай намаздар! Аллаһ разылығы үшін толық түсіндіріп жібересіздерме!

3 жауап

+1 дауыс
Имсак — таң ататын кездегі уақыттың аты.

Бамдат - ол таң намазы.
0 дауыс
Имсак түннің біткенін, яғни ораза тұтқанда ішіп жеуді тоқтату уақытын білдіреді. Түркістан күнтізбесінде жазылған имсак уақытында жеп ішуді тоқтату керек. Қазақстанда бұдан 15-20 минут өткеннен соң таң намазын оқуға болады. Қате күнтізбелерге қарап азан айтылғанға дейін аузын бекітпеген адамның кінәні қате күнтізбеге жүктеуі, өзін жауапкершіліктен құтқармайды. Бамдат таң намазының арабша атауы. Ал парыз етiлмеген яғни сүннет намаздар нәпiл намаздар деп аталады. НАМАЗДЫҢ ТҮРЛЕРI Мұсылмандарға әмiр етiлген намаз түрлерi үшке бөлiнедi. Олар: 1. Парыз. 2. Уәжiп. 3. Нәпiл. 1.Парыз намаздары:Бес уақыт намаздың парыздары; Жұма намазынының екi рәкат парызы мен жаназа намазы. (жаназа намазы парзы кифая). 2.Уәжiп намаздары:Үтiр намазы, Рамазан айт намазы, Құрбан айт намазы, аяқталмай қалған нәпiл намаздары. Қаза болған үтiр намазының кейiннен қазасын өтеу де уәжiп. 3.Нәпiл намаздары:Бес уақыт намаздың сүннеттерi, тарауих намазы. Сауап алу ниетімен оқылатын тәһәжжуд намазы, тахятул масжид, ишрақ, дұха, әууәбин, истихара, тәсбих намаздары нәпiл намаздарының қатарына жатады. Парыз және уәжiп намаздарынан қарызы жоқ адамның нәпiл ғибадаттарына да сауап берiледi
0 дауыс
Менын сурайын дегеным ауызды кай кезде ашып кай кезде жабат себебы мен бириншы рет ораза устайындеп турмын ренжымесеныздер айтып жибериныздершы
...