Алмат,порохтың қазақшасы оқты тұтандырғыш дәрі болар.Егер сенің іздеп отырғаның осы нәрсе болса,оны кез келген аңшы дүкендерінен алуға болады.Бірақ тәртіп бойынша сатушы сенен аңшылар қоғамына тіркелгендігің жөніндегі куәлігіңді талап етуі керек.Алайда сатушылар арасында бұл тәртіп орындала бермейді,сондықтан сатып алуда қиындық туындай қоймас.Бірақ бұл дәрі сенің ойлаған ісіңе жарамсыз болар деп ойлаймын,себебі дәрінің жану мезеті өте тез,лап ете қалады да,тез жанып кетеді.Сенің жазғаныңды ешкім оқып үлгере алмайды.Әрі қазір мына "террор"-деген бәле сөз шығып тұрғанда,дәрі сатып аламын деп басың пәлеге қалар деп қорқып отырмын. Оның басқаша жолы бар,саған ол туралы айту дұрыс па,жоқ әлде бұрыс па сол арасын жіктей алмай жүр едім.Байқаймын алған бетіңнен қайтар түрің жоқ.Кәдігімгі шпагат,шнур деп аталатын жіптер бар емес пе,содан өзің жазатын сөйлеміңе жететін мөлшердегідей ұзындыққта кесіп алдағы соляркаға салып қой,2-3 күн мөлшеріне,әбден жіп бойына май сіңуі керек.Бензинді пайдаланушы болма,ол тез жанып кетеді,әрі қауіптілігі жоғары.Ал соляркаланған жіп біраз уақыт жанып тұрады,Ақ қардың үстінде болса қауіпсіздеу болар еді.Бірақ қауіпсіздік шараларын мейлінше қатал тұтын.