0 дауыс
490 көрілді
Қазақстан барысы өз мәресіне жетті, ал енді "ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ" - Мұхит Тұрсынов болды, мен оны шын жүректен құттықтаймын! Ал енді сұрағым: Қазақстан барысы қызықсыз болған сияқты, себебі: өткен жылдығыдан қызықсыз болды. Айтпақшы, Бейбіт шықты ма?

11 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қызықты қызықсыз өтуі ол адамның сол спорт түріне қызығушылығына байланысты болар деп ойлаймын,ең бастысы ұйымдастырушылар тарапынан да, төрешілер тарабынан да әділ өтті деп ойлаймын. Ал енді Мұхитқа кесек  ШҚО оғланы, барысы..
+1 дауыс
Қызықсыз болды ма, жоқ па білмедім, себебі өзім көрмедім.. Бейбіт Ыстыбаев шығыпты, оны ширек финалда Мұхит Тұрсынов ұтыпты.. Айтпақшы, Мұхит Тұрсынов Оңтүстік Қазақстан облысынан емес пе?
+2 дауыс
Жоқ өте жақсы өтті.Үйде ер адамдар қызықпайтын күреске анам екеуміз қызығы көреміз.Бейбіт шықты,Қарағандылық жеңсе деп отыр едік,бірақ тағы шығыстағылар алып кетті жүлдені.
+1 дауыс
жеребе аркылы карсылас тандаганы дурыс емес мыктылар бир бирин куртты бир топта
+1 дауыс
Онша қызықты бол қойған жоқ!
+1 дауыс
Білмеймін, мен футболдан басқа спорт түрлеріне қызықпаймын.
+1 дауыс
Қызықсыз өткен сияқты дым сезілмеді маған ештеңе )))
+1 дауыс
Былай жақсы өтті. Жаңа барыстар шықты.Бейбіт, Жұманазар, Айбектің жеңілгені біртүрлі болды.
+1 дауыс
Сөзіңе қарасам,сен шала көрген сияқтысың.Сондықтан саған әрине қызықсыз болған ғой
+1 дауыс
Мен үшін өте қызықты өтті. Ортасына дейін КазСпорт арнасынан, кейін Ресейлік "Боец" арнасынан тамашаладым. Ресейлік комментаторлар қазақстандық комментаторларға қарағанда әлдеқайда толығырақ ақпарат беріп, сауатты жүргізді деп ойлаймын. Менің ойымша, біздің елдегілерге қарағанда, шет елдіктер осындай қызықты шараны жоғарырақ бағалаған сияқты болып көрінді.
Нұржол, саған рахмет, сен болмағанда мен өткізіп алатын едім. Мен үшін өте қызықты болды, өкініш те жоқ емес.
Өкініш бар ғой. Аздаған техникалық қателіктер сосын Жамбылдық палуан жүлделі орынға іліге ме деп үміттенген едім.
Бөліскен сілтемемем пайдаға асқанына қуаныштымын. :)
+1 дауыс
Жылда сол баяғы адамдар ала беруі жалықтырып жібереді екен. Сондықтан осы жылы басқа бір адам алғаны дұрыс болды. Биылғы "Қазақстан барысы" өте тартысты өтті деп ойлаймын өз басым)))
Әлі бір адам қатарынан екі рет "Қазақстан барысы " бола алған жоқ.
...