+1 дауыс
690 көрілді
Мәселен тұңғышына Талант, ортаншыға Таңат, Кенжеге Талап деген сияқты.

мен өзім бұған қосылмаймын. Бұл баланың болашақта жеке тұлға болуына психологиялық кедергі болатын сияқты. әрі аттарын шақырғанда бір біріне қатты ұқсағаны себепті шатасу туылатын сияқты.

Әр баланің болашақта басқаларға ұқсамайтын жеке өмір жолы болады. сол үшін балаға ат қоярда бүгінгі ұйқастықты ойламай сол баланың болашағын ойлап, ереше жақсы ат қою керек. сіздерше осы ойым дұрыс па?

6 жауап

+1 дауыс
Дұрыс қой әрине. Бірақ сол бір үйдің балаларының аты ұқсас болса олардың туған бауыр екендері тез білінеді басқаларға және бауырмал болып өсетін сияқты, сол жағын да ойлау керек..
0 дауыс
Мен бір үйдің балаларын білем, аттары: Аман, Есен, Жүрсін (атта тұрған ештеме жоқ сияқты)
+1 дауыс
ал  маған қатты ұнайды есімдерді ұйқастыру! кейін болашақта мүмкіндік болса қояр едім! мысалы Әбілмансұр,Мансұр,Әбіл!! деген сияқты! Әбілмасұр дегенде үш баламда жетіп келеді!
+1 дауыс
Ұйқастырған да,ойға қонымды қылып ұйқастыру керек,біреулер болады ғой біріншісін Қайрат қойса екіншісін Қайсар,ал соңғысын о ұйқасып тұр деп Қайрақ деп қоя салады.Жалпы қарсы емеспін ұйқастыруға,бірақ ұйқастырғанда да ертең бала үлкейген де өз атынан ұялмайтындай қылып қойған дұрыс қой.
0 дауыс
Әркім өзінше қойғаны дұрыс өзі біледі ғой ата-ананың!
0 дауыс
Бір отбасыны білем Толғанай, Алтынай, Арманай деген үш қызы бар.Бұл қыздар өте бауырмал.)))Мағыналы қылып қойса жақсы ғой жәй ұйқас қоя салмай.Бірақ көбінесе егіз балаларды ұйқастырып қойса жақсы)
...