+1 дауыс
368 көрілді

Қазақстан Елшісі М.Тәжин Ломоносов атындағы ММУ шетел студенттерін оқуды сәтті бітірумен құттықтады

2014 жылғы 25 маусымда Ресейдегі Қазақстан Елшісі Марат Тәжин М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде оқуды табысты аяқтаған шетел бітірушілермен кездесті.
Оқуды бітіріп жатқан өз азаматтарын құттықтауға келген шет мемлекеттердің төтенше және өкілетті елшілерінің, дипломатиялық өкілдіктері қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен кездесу ММУ-да алғашқы рет өткізіліп отыр.
Бітірушілерге сөз арнаған М.Тәжин: «Менің пікірімше, сіздердің жеткілікті бәсекелік артықшылықтарын бар, себебі сіздер, белгілі профессорлардан және дәрісшілерден өткен жылдар бойы сабақ алып, қысқаша МГУ деп аталатын үлкен дәстүрмен толықтай таныстыңыздар», - деді.
Маклюэн (McLuhan, MarshaIl) әлемдік ақпаратты ауыл туралы айтқанына 50 жылдан асты; Бодрийяр (Jean Baudrillard) шындықты іздестірудің орнына прагматикалық білімді іздеу бірінші қатарға шықты дегенге 40 жылдан асты; білім экономикасы туралы бірінші айтқаннан бері 25 жыл өтті, бірақ қазіргі әлемдегі қиын жағдайда нағыз білім мен мамандыққа қарайтын заманда қызмет ету сендердің ұрпағына артылып отыр», - мәлімдеді М.Тәжин.
Елші ММУ мен еліміз арасында қалыптасқан мықты білім байланыстар үшін Университеттің басшылығына және ректоры Виктор Антонович Садовничийге зор ризашылығын білдірді. М.Тәжин өз сөзінде ММУ-ның Қазақстандағы өкілдігінен ағымдағы жылдың шілде айында мыңыншы бітіруші оқуын аяқтайтынын айтты. Бұдан басқа Мәскеуде 700-ге жуық студенттеріміз білім алуда. Сондай-ақ, Қазақстан Елшісі биылғы жылы екі отандастарымыз, атап айтқанда геологиялық факультетінің студенті Әсел Баяндиева мен топырақтану факультетінің студенті Анастасия Михайлюк, қызыл дипломмен бітіргендеріне шын қуанды.
М.Тәжин «осылар ММУ-дың жоғары дәстүрін одан әрі жалғастырады», - деген ой білдіріп, бітірушілерге зор табыстар мен ақ жол тіледі. Кездесу барысында ММУ Ректоры Виктор Садовничий атап өткендей, 2014 жылы университетті 6,5 мың студент бітіріп шықты. Олардың ішінде – 500-ге жуық шет елдердің студенттері және осы саннан 49 қызыл дипломмен оқуды аяқтады. Бұдан басқа, ММУ-да 6 мың студенттер, олардың ішінде 3 мыңы Қазақстанда, Өзбекстанда, Әзербайжанда, Украинада және Тәжікстанда қызмет етіп жатқан ММУ өкілдіктерінде білім алуды жалғастыруда. Ректордың айтуынша, ММУ-да оқу тартымдылығын көтеру үшін бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылуда.
«Біз ММУ дамыту бағдарламаны іске асырудамыз және алдағы уақытта университеттің аумағында «Воробъевы горы» атты ғылыми-техникалық алқабының құрылысы басталады. Біз ғылыми-техникалық алқабын өз аумағында құрып салатын Ресейдегі бірінші классикалық университеті болып табыламыз. ММУ ғарыш кеңістігін зерттеу және жер серігін ұшыру секілді шамшыл жобаларды белгілеуде. Біз өзіміз жасап шығарған жер серіктерді ұшыратын Ресейдегі және мүмкін әлемдегі жалғыз университет болып саналамыз. Біз «Ломоносов» атты салмақты жер серігін ұшыруды жоспарлап отырмыз. Бұндай болса, ол «Восточный» ғарыш айлағынан ұшатын бірінші жер серігі болады», - деді В.Садовничий.

1 жауап

0 дауыс
осындай ақпарттармен бөліскеніңіз үшін рахмет
...