0 дауыс
6.5k көрілді
Оразаны бұзып алған кісі, оразаның қазасын қалай өтейді? Күллі мұсылмандарға айлардың сұлтаны рамазан айы кұтты болссын. Оразаныз қабыл болсын!

3 жауап

+1 дауыс
Ораза кәффараты Пайғамбарымыз бен бiр сахабаның арасында болған жағдайдан туындаған. Сахабалардың бiреуi құрыдым деп Пайғамбарымызға келiп, ораза айында күндiз әйелiмен жыныстық қатыныста болғандығын айтады. Бұған Пайғамбарымыз (саллаллаҺу аләйҺи уәсәлләм) былай дейдi: - Құлды азат етуге жағдайың жете ме? - Жоқ. - Қатарынан екi ай ораза тұта аласың ба? - Жоқ. Онсыз да осы оразаға сабарым жетпегендiктен осы жағдайға ұшырадым. - Алпыс кедейдi тамақтандыратын жағдайың бар ма? - Жоқ. Осы уақытта пайғамбарымызға бiр жәшiк құрма әкелiнедi. Пайғамбарымыз (саллаллаҺу аләйҺи уәсәлләм) бұл құрманы түгелiмен әлгi адамға берiп, кедейлерге таратуын табыстайды. Ол Уа АллаҺтың елшiсi бұл жерде менен өткен кедей таппайсыз,- дегенде Пайғамбарымыз (саллаллаҺу аләйҺи уәсәлләм) күлiмсiреп: Онда жанұяңа апар, өздерiң жерсiңдер,- дейдi. Оразаны бұзатын, бұзбайтын жағдайлар, ораза кәффараты (өтеуi) қазасы, қалай өтелуi керек екенi туралы толық ақпарат мына сiлтемеде. http://islam.kz/kk/questions/qulshylyq/oraza/algash-ret-oraza-ustaityn-kisilerge-qajetti-malimetter-150/
+1 дауыс
Ассалаумағалайкум. Мен былтыр ораза айының 1 кунин шатастырып алып
0 дауыс
каффарат жасауга курма таратайын деп едим. 60 адамга канша туйирден беруиме болады? Алдын ала жауаптарынызга рахмет.
...