0 дауыс
38.5k көрілді
"Талақ" сөзiнiң мағынасы қандай?

10 жауап

0 дауыс

Қазақта "қарынға жабысқан талақтай" деген тіркес бар.

+1 дауыс
Бұрында ата -бабаларымыз қолданған бұл сөзді.  Егер келіншегіне сол кезде 3 рет "талақ" десе, онда ол ендігі оның жолдасы болмайды немесе ауылдан алыстатады.

Қазірде ол сөздің  біздің ғасырда тіптен мағынасы жоқ сияқты.
0 дауыс

Сұрақ қояр алдында архивті қараңыз

Архив

0 дауыс
Әйелінен кешу. Қуып жіберу :)))))
0 дауыс

Талақ(«тастау», «ажырасу»; тәж, талок, түрік, босама) - некеден айырудың ең көп тараған түрі. Егер ері ешқандай себебі түсіндірмей-ақ ажырасудың айрықша түрін (Талақ) айтса, зайыбы барлық некелік міндеттен босатылады. Бұл жағдайда ерінен алған барлық мүлік зайыбына қалады, ерлі-шартты уақыт біткенге дейін ері әйелді асырауға міндетті, тек осыдан кейін ғана әйел тағы да ерте шығуға ерікті. Егер осы мерзім ішінде ерлі-зайыптылар қатынас жасап қойса, неке айыру заңсыз деп табылады. Ал идданың мерзімі бітіп, неке қайта жалғасқан жағдайда, некеғе отырудың бұрынғы тәртіптері сақталады. Егер айрылысудың шарты үш рет қайталама, бұрынғы ерлі-зайыптылар қайта қосылуы үшін әйел басқа біреуге ерге шығып, одан айрылысуы немесе жесір қалуы шарт. Ал ажырасу шарты он рет қайталама, онда олардың қайта некелесуіне болмайды.

Ұл балалар ананың күтімін қажет ететін шаққа дейін (7 - 8), қыздар тұрмыс құрғанша (ІЗ - 15 жас) анасының тәрбиесінде болады. Осы мерзім ішінде әкесі балаларын асырауға міндетті.

Исламда Талақтан басқа да ажырасу түрлері бар:

фасх - егер ері неке алдындағы келісім уәделерінің бірін орындамаса, әйелдің талабы бойынша ажырасады,

бірақ қайтадан татуласса неке бұзу заңсыз деп саналады;

хул - бұл да әйелдің талабы бойынша ажырасу, бұл жағдайда некені қайтадан жалғастыруға болмайды, сонымен қатар әйел күйеуінен алған барлық мүліктен айрылумен бірге күйеуіне біршама ақы төлеуге міндетті, оның мөлшерін өзара келіседі, не болмаса қазы белгілейді;
лиан - екі жақтан бірдей кінә тағу, ері әйелінің опасыздығын кінәлайды, бірақ бұған дәлелі жетпейді, ал әйелі ерінің өтірігі мен жала

жапқыштығын кінәлайды. Мұндайда неке біржола бұзылып, әйел мүліктің бәрінен айрылады, ері ажырасудан кейін туған баланы мойындамауына құқылы.

Ажырасудың осы секілді тәртібі қазіргі Ислам Республикаларының бірқатар елдерінде толық сақталып отыр.

дереккөз

Жақсы жауап. Неге белгілемегені түсініксіз.
0 дауыс
мұсылман жандардың ажырасуы
0 дауыс

    Талақ сөзі- Ислам дініндегі ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы байланысты жоятын сөз. Ер адам талақ сөзін 1 рет айтса ажырасудың 1-шi үкімi кетеді. Тағы 2-ші рет айтса ол ерге әйелі харам болады. Яғни бөтен адам болады. Абзалы бұл сөзді айтпаған дұрыс. АЛЛАХ осы сөзді айтушыларды жақсы көре қоймайды.
  Күйеуі әйеліне талақ деп ойнап айтса да ажырасқан болады. Аллаһ одан сақтасын!

Сұрақ қайталанған:https://surak.baribar.kz/118204

0 дауыс
Саламатсызба? Егер айел ажыраскысы келсе бирак куйеуи талак бермит. Айел не истеу керек.???? Отиниш жауап беринизши.
0 дауыс
егер ауызбен емес смс туринде талак деп жазса олда ажыраскандыкты билдиреме
fatua kz сайтына діни сұрақтар қоюға болады.
0 дауыс
Талақ жаман сөз
...