0 дауыс
1.2k көрілді
Сәлем достар!   Өмірде шынайы достықтан артық ешнәрсе жоққой, солай ма достар?!

Дәл қазір күндердің  күнінде  бір-бірімізден  жырақта, араласпай, болмашы нәрсеге бола сол кездегі шынайы достығымыз бұзылады деп  ойламаппын!
Ол айтатын, кейін тойымыз болса, сен қыз жолдас боласың деп.  Айтқанындай ол тұрмысқа шықты,  бірақ менің  жаныма жақын мені түсінетін тағы бір қымбат жан бар еді, ол сүйген жігітім!  Екеуміздің жүргенімізге 2 жылдан асып жатыр, құдай қаласа  отбасын құру ниетіміз бар! Ол айтты, ұзату тойында қыз жолдас болдыңғой, және тойына болсаң   мені қатты ренжітесің, сенен айырылып қалам ба деп қорқамын деген сынды  өзінің ойын білдірді.  Оның үстіне мен бір рет емес 3  рет қыз жолдас болдым, өзімнің де  қыз жолдас  болуға құлқым жоқ еді. Сосын досыма айттым тойыңа барайық,   қыз жолдас болғым келмейді дедім.  Ол бірден ренжіп шыға келді. Хабарласуында қойды. Оған ашық айттым, маған ренжіп жүрсіңбе, ренжісең айт, осы үшін жігітіммен біраз жерге дейін ұрсып қалдық, бір той деп маған ренжісең саған не дейін енді дедім.   Оның түсінгені сен жігітіңнің айқанынан шыға алмайсың  дейді. Мен сонда не істеуім керек? Мен оған тойыңа бармаймын дедім бе? Айтыңдаршы достар! Тіпі ойлап та жүрдім тойына шақырса барамын деп,  ал қазір басқа біреуден естіп отырмын, тойға неге келмедің деп. Мен айттым қазақта «Шақырған жерге бар, шақырмаған  жерге барма» дегенғой. Шақырмаған жерге  қалай барамын дедім.  Осы кездегі жағдайым өзіме ғана аян, ол досымды ешнәрсеге қимаймын, соншалықты қатты жақсы көргенім, оған бауыр басып қалғаным 2 жылдың ішінде.  Ол айтады мен үшін тойдың маңызы жоқ, менің орнымда болғанда не істер едің дейді?  Мен тойына қыз жолдас  болмасамда  тойына барар едім, егер ол шақырса.!  Ал, енді достар менің істегенім бұрыс па әлде дұрыс па? Мейлі солай – ақ болсын, бірақ бір  тойды деп сол достықты бұзғанына мен ренжудің орнына ол маған ренжіп осылай жасап отыр.........!

1 жауап

0 дауыс
оқып шығып ешкім жазбағансын, мен беттен өтіп кете алмадым.

Сіздер бұрын той болмай тұрған кезде келіскен екенсіздер, тойымда қыз жолдас боласын деп...Досыңыз сізге сеніп қалғаннан кейін, басқа досы болмаса да сіз болсын деген ойы болған ғой. Сондай ой іске аспай қалса, кез келген адам ренжиді, мейлі неше рет қыз жолдас болсаңызда (4-5 рет кыз жолдас болып жатқандар бар,ренжімеңіз айтып жатқаныма)

 Тойына бармағаныңыз дұрыс болмаған екен. шақырмасада, қанша уақыттан бері шынайы дос болдыңыздар, тойға толық қатыспасанызда,іштей ренжіп тұрсаңызда, тойына  5-15 минутка барып құттықтап кетсеңізде болатын еді, мумкін сол кезде ренжімес еді, ештен кеш жақсы деген бар қазақта.
...