+1 дауыс
912 көрілді
Осы Қазақстандықтар немінеге қайдағы жоқ Индияның киносына қазақ әнін апарып қосып қояды!Монтажы әдемі сәтті болса сәтті шығар!Алайда сол біздің қазақтығымызға сын емеспе?Қайдағы жоқ Индияның киносы төрімізге басып кіріп бәрімізді жіпсіз байлауда!Ол аз болса оған жарыс ұйымдасырып,ассам шәйіна суретін шығарып қойған!Ал қай мемілекет біздің киноларымыздың бірін болсын алып өз әндерін қосып шәйларының сыртына қазақ киносының суретін шығарып біздің елге демалысқа жарыс ұйымдастырып жатыр?Ешқайсысы тіпті бізден кино сатып алу ойларында да жоқ шығар!Қалай ойласыз Индия киноларын мұншама әупектеткеніміз дұрыспа?Мәселен сен келерсің сериалына қазағымыздың мақтанышы халық тыңдарманы Музарттың өлеңін апарып шаптап қойған!          

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақтар аңқау халық қой. Ол сериалдың атын естігенім болса, көрмеген екенмін, мүлдем сериал көрмеймін. Үнді сериалына қазақша әнді қосқаны қалай? Барлық елде сол ән сериалмен бірге шырқалып тұра ма? Егер солай болса ол біз үшін үлкен қуаныш, тек Қазақстанда ғана солай болса жетіскен екен сериалды Қазақстанда көрсетіп жүргендер. Меніңше, елімізде шетел сериалдарын көрсетпейтін арнайы заң шығару керек және әр мемлекеттік арна 2 жылда 1сериал болса да Қазақстанда қазақша түсіру керек.
Келісемін сол киноға бөлген бәленбай қаржыны Қазақстанның бір жетімдер үйіне немесе ауру балларға көмек ретінде бөле сауабын алар едіғой
+3 дауыс
Ойланарлықтай сұрақ екен... Менің өз ойымша қазақ әндерін киноға қосып жатса ол нұр үстіне нұр деп ойлаймын. Өз өнерімізді қамап қорада ұстағаннан гөрі үлкен өріске шығаруға ұмтылған дұрыс шығар. "Музыкада тіл жоқ"-дейді емес пе, олай болса қай ел болса да бізді экономикамыз болсын, өнеріміз болсын, қай салада борлса да барлық жағынан там-тұмдап болса да біле бергені, біздің ұлттың таныла бергені жақсы емес пе? Ал "Ассам" шайына келсек ол біздің қазақстаннан шығатын шай ғой, сондықтан болар. Енді кино шетке шығару жағына келсек бізге Голливуд пен Болливудке таласу қайда, жанымыздағы өзбек пен қырғыздармен жарыссақта болар деймін. Алайда Шетелдік атақты Канск сияқты фестивальдарда жүлде алып жүрген фильмдеріміз жоқ емес, күндердің күнінде соларға сұраныстар болуы әбден мүмкін деп ойлаймын. Алла соған жеткізсін!
Үнділердің салт санасы басқа ал қазақтардікі мүлде басқа өкінішке орай пікіріңізбен келіспеймін!Алайда сауал қойған мен сондықтан өз пікіріңізді ашық айтқаныңызға архмет!
+2 дауыс
Үндінің түсініксіз әуендері тұрғанша,қазақша әдемі ән тұрғаны дұрыс деп ойлайм өз басым)) жарнамасын көре қалсам қосыла айтатын әдетім бар:-)
Кешіріңіз тақырыптың негізгі мазұмынын айтар ойын түсінбегнен сияқтысыз!
0 дауыс
егер біз үнді елінің киносына өзіміздің қазақ әнін қоспасақ  олар бізге шай бермейді ғо шай ішпесік басымыз ауырады ғой
ааа,солайма? міне мәселе қайда жатыр...
+1 дауыс
Меніңше өзге ұлттық сериалдарына қазақ әндері қосып қажеті жоқ.Біздің еліміздің әндерін олар қосып жатырған жоққо.
ну  меніңде айтқым келгені осы!
Олар біздің әндерімізді түсінбейді ғой.
+1 дауыс
Астана арнасынан бір кино бар қыз ғұмыры деген. Сол киноның әуенін көріп құсып қойдым. Үнді сериалына запрет қою керек. Сосын Қазақстан арнасынан ӘЧ-2014 болып жатқан кезде Келін сериалын беретіннес бастары жасамайд.
Айтпа, соның музыкасына менің де жыным келеді. Осы сериалды көрмеңдерші десем де көреді ғой үйдегілер.
Сенде көресің ақталма қақа
Өзің де көретін сияқтысың ғой, оның музыкасын қайдан білесің.
Үйдегілер көреді, оны көргенше өлгенім артық.
0 дауыс

Чичарито,көрерменнің сұранысы ғой!!!!Біз ерлер жағы футболды ұнатсақ,қыз-келіншектер сол кино десе өледі.Ал ерлерге қарағанда әйел адамдар көп!сондықтан береді.Тек қазақы салт-дәстүрімізден айырылып қалмасақ болды...........

Әркімнің талғамы әр түрлі!Бірақ кешіріңіз тақырыптан ауытқып кеткен сияқтысыз!Тақырып үнді филімдеріне қазақ әндерін қосқанымыз дұрыспа болып тұр!Ал бұл жерде салт дәстүрдің еш қатысы жоқ!Жәй қазақ әндерін Үнді сериалына қосқанымыз көкбөрілік қасиетімізге сын сияқты болып көрінеді маған...Әрине менің жеке пікірім"
0 дауыс
Сіздің сұрағыңызға келсек.Онда тұрған ештеңе жоқ.Авторларынан рұқсат алса болды ғо.Өлеңнің "сен келерсің" деген сөзі кино атына келіп тұрғо
...