Машина айдау оңай дейді, бірақ аптасына мемлекет реестріне миллиондаған теңге туралы айыппұлдар келіп түседі. Машина айдау газ бен тормозды ғана басу емес, ол үлкен жол ережесінен хабардар болу деген сөз екен.
Қазір көп машина автомат коробкалы ғой. Осы дұрысы болар, оны айдау жеңіл. Бірақ, жол ережесін міндетті түрде білу керек, инстинктті түрде дұрыс шешім қабылдау, жолда сенімді жүру үшін, ережені жақсы біліп, машина габаритін жақсы сезіне білу керек, ол жолда қатарласып жүргенде, парковкаға дұрыс қойғанда керек.
Уақыт өте адамға тәжірибе жиналады, ал бастапқыда инструктор алып жүру міндетті түрде керек. Маған сеніңіз, қазір адамдар 50-60 мың тг правасына (теория, практика) ақшасын қимайды, сосын рульге отырған соң зор шығын жасайды, олар жол апаты, өз көлігін бүлдіру, жол ережесін бұзу арқылы айыппұл жаздырып алу, қарапайым жеңіл пара беру т.с.с.