+2 дауыс
921 көрілді
Біздің еліміз әлемге қандай елеулі үлестерді қосқан деп ойлайсыз?
түсінбедім әлемге елеулі үлестерді салған емес қосқан шығар мүмкін?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен ойлаймын біз әлем халықтары бір біріміздің благамыз үшін ештеңе істемедік және істемеймізде!Себебі әр мемілекеттің азаматы өз елі үшін қызымет етеді!Әлемге қосып отырған үлесіміз деп мұнайды айтар едім себебі қаншама мемілекет Қазақстаннан мұнай алып отыр!Бірақ олардыңда Қазақстанға қосып жатқан үлестері бар!Назарбаевта жынды емесқой еліне пайдасы болмаса өзгелерге мұнайды беріп қоймайдығой!Яғни товар алмасады!Бірақ үлес деп айтуға мұнай келмейтінде шығар!
+1 дауыс
Әлемге бостан-босқа пайдалы қазбаларды беріп жатырмыз.
ну бізгеде беріп жатырғой!
мысалы                                                .
инвестиция құяды!Значить ақшалай даход кіріп отыр мемілекетке!
Мысалы дегенге кәдімгідей ойланып қалдым.
+1 дауыс
Байқоңырдан ұшырып жатырмыз!
+1 дауыс
Бұл жерде мәселе өркениетке қосылып жатқан үлес пе? Саяси үлес пе? Ал мұнай беріп жатырмыз деген меніңше үлеске жатпайды. Әлем әдебиетіне, мәдениетіне, спортына қосқан үлесті айтуға болады. Ураннан бас тарту, діндер арасындағы ынтымақтыққа бағытталған шараларды өткізу, т.б саяси тұрғыдағы үлестерді айтуға болады.  Тек материалдық байлықтар ғана үлес болып есептелмейді.
+2 дауыс

Мұнай, уран, т.с.с. ресурстарды сату, беру "елеулі үлес" деуге келмейді, ондайды барлығы жасай алады. Саяси үлесіміз аз емес: 

1.Ядролық қарудан ең алғаш өз еркімен бас тарттық. Ел территориясындағы барлық арнайы урандарды, ядролық зауыттарды жойдық, РФ-на саттық, АҚШ-қа жөнелттік, көзін құрттық.

2.Көп конфессияға мүмкіндік берілді.  Ондай елдер әлемде кемде-кем. Террордан қатты қорқады. Осы қадамның арқасында Қазақстанның сипатына тағы да жаңа мазмұндар енді: көпконфессиялы, көпдінді, толерантты ел.

3.КСРО қатарынан ең алғаш шықты, сөйтіп басқа елдердің де шығуына алып келді. ТМД құрамындағы қандас 15 елдің КСРО-дан шығуына түрткі болған - біздің ел.

4.Сыртқы саясатта ашық көрсетті. Мысалға әлем елдерін әскер бойынша бағалағанда Қазақстан бүкіл әскерін көрсетті, нәтижесі тізімде №4 орында. Егерде әлемнің бүкіл елі барлық әскерін шығарса, кім білген, тізім өзгерер ма еді?! Сондықтан Қазақстан жасырын саясаты жоқ ел секілді.

5.Көптеген іс-шаралардың атқарылуына себепкер болып жатырмыз. Біз өз көршілерімізбен және одақтастарымызбен бірге өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты жаңа тетіктерін құрдық. Түркиядан қарыз алдық, Қырғызстанға қарыз бердік, Жүрміз әйтеуір.

6.Көпұлттылық та біздің елімізде бар. Жапонияның 99 пайызы жапондар болса, олар өздерінен. Ал біз көпұлтты мемлекетпіз, тіпті 130 ұлт пен ұлыс өкілдерінің тізімінде Қазақстанда қалған 2 штук эскимостар да еніпті :))

Былайша айтқанда Қазақстан бейбітшілік пен жасампаздықтың үлгісі ретінде әлемге белгілі. БҰҰ Астанаға "Бейбітшілік қаласы" деп атақ берсе ол да Елбасы еңбегі. Қазақстан төрағалық еткен ұйымдар, өткізген саммиттер, жиындар мен көрмелер - Қазақстанның жетістіктері. Еліміздің алар асуы алда ғой әлі.

+1 дауыс
Шикізат экспорты бойынша айтарлықтай көрсеткіш бар ғой.

Бізге дайын өнім экспорты және интеллектуалдық ресурс (білім-ғылым, өнер адамдары) жетіспейді, әрине.
...