Мен де vvvwww деген қолданушы сияқты ойдамын. Қарсы шығатындар да табылар өзімізді-өзіміз улаймыз ба деп. Бірақ сол керек еді-ау деп ойлаймын. Зиянына келсек, сонау екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері жасалып келген сынақтың жемісі осы болды ма? Не атом жоқ не өтеуі жоқ. Өзімізде қалғанда өтеуі сол болар еді. Ол зияндығын баяғыда жасап қойған, тек соны өзімізде қалдыра алғанда жақсы болар еді. Дайын тұрған арсеналдар еді. Ай бірақ қайдам, ксро кезінен Кремльден өлердей қорқатын біздің билік соны бір сұрағаннан бере салған болар. Бізге "шанс" та болмаған сияқты ғой. Тіпті егер Ресей мысалға өзінің қолындағы бар билігін, жерлерін біздікілерге беріп "мә бізді басқарыңдаршы" десе, біздікілер "керек емес" деп қайтадан өзіне бере салса таң қалуға болмайтын шығар. Егер атом қаруы бола қалса, қазіргідей әр елге жалтақтап отырмас едік. Қазір Ресей Украинаға тізесін батырып жатқанда(шығыс жақтағы қалаларын тартып алды) Украинаның бір шенеунігі Будапешт меморондумы туралы айтқан екен: Ол тек бір жапырақ қағаз екен деп атом қаруынан бас тартқанына өкінген екен. 1994 жылдары сол меморондумда Украина атом қаруынан бас тартып(ішінде Қазақстан мен Белорусия да бар) оның қарымтасына Ресей, АҚШ, Ұлыбритания егер бір елдерден шабуыл жасалса қорғауға қол қойылған еді. Енді міне сол қорғайды деген Ресейіміз сол келісімді бұзып Украинаға өзі шабуыл жасап жатыр. Қазіргі атом қаруы бар елдерге қараңыздар( Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Израиль, Солтүстік Корея, соңынан Иран қосылды) Соларға ешкім қысым, әлімжеттік жасап жатқан жоқ. Солтүстік Кореяға қысым көрсетіп еді, АҚШ, Еуропаға бағынбай азуын көрсетті. Сол қару болмағанда Ирак, Ауғанстан сияқты жұтып қоятын еді. Әрине оған санкциялар салып тастаған, экономикалық жағдайы мәз емес. Бірақ ешкімге тәуелді емес.