0 дауыс
712 көрілді
Қазақстанның сақтандыру нарығының қатысушылары?

1 жауап

0 дауыс

“Сақтандыру қызметі туралы” Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қатысушылары:

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

сақтандыру брокері;

сақтандыру агенті;

сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;

актуарий;

уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);

өзара сақтандыру қоғамы;

сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар.

Қайта сақтандыру ұйымы – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігі мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.

Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке адам.

...