0 дауыс
636 көрілді
Ипотекалық несиелеу инвестиция көзі ретінде: мәні, ерекшеліктері?

1 жауап

0 дауыс

Ипотекалық несиелеу – жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға жəне салуға (қайта құруға) несиелер беру. Сонымен қатар, көптеген нарық субъектілерінің өзара əрекетін білдіретін маңызды экономикалық жəне əлеуметтік функцияларды орындайтын несиелік қатынастардың нысаны болып табылады. Жылжымайтын мүлікті несиелеудегі ең ірі бағыттар – тұрғын үйді сатып алу жəне салуға, жер учаскелерін игеруге, коммерциялық жəне өнеркəсіптік мақсаттағы құрылысқа берілетін ссудалар. Сонымен қатар, ипотекалық несие берілген жылжымайтын мүлікті сатып алу (салу) мақсатында жылжымайтын мүлік объектісінің кепіліне ақшалай немесе ипотекалық облигациялар нысанында берілетін несие. Ипотекалық несиенің мəні жылжымайтын мүлікті арнайы құжаттармен – ипотека келісімшартымен жасалатын қамтамасыз ету нысаны ретінде емес, оның мақсатты пайдаланылуы – жылжымайтын мүлікті сатып алу немес салу болып табылады. ҚИК қызметінің мақсаты – екінші дең гейдегі банктердің ипотекалық несиелер бе ру көлемін ұлғайту үшін ипотекалық несиелер бойынша талап ету құқықтарын са тып алу жолымен екінші деңгейдегі банк терді қайта қаржыландыру болып табылады.ҚИК инфляцияның, инвесторлар мар жа ларының, ҚИК маржа ларының, сақ тандыру резервтері мен эмиссияға жұмсалатын шығыс тардың деңгейіне бай ланысты болатын бағамды мөлшерлеме бойынша талап ету құқығын сатып алады. ҚИКБҚ қызметінің мақсаты – екінші дең гейдегі банктер мен ипотекалық несие бе руші ипотекалық компаниялар, инвесторлар мен сақтандыру ұйымдары арасындағы несиелік тəуекелдерді бөлу жолымен ипотекалық несиелерге қолжетімділікті арттыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

...