0 дауыс
389 көрілді
Шетелдік және отандық инвесторларды ынталандыру жолдары?

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан экономикасына әлемдік инвестициялауды ынталандырудың маңызды факторы – саяси, әлеуметтік — экономикалық және коммерциялық тәуекелдерді кәсіби және толық сақтандыру. Біздің еліміздің осы саладағы инвестициялық тартымдылығы инвесторлар құқықтарының деңгейін көтеретін бірқатар маңызды жаңа заңнамалық ережелерге ие. Қазақстан Республикасы “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заңының баптарына сәйкес, инвесторлар мүдделерін қорғау бойынша келесі кепілдемелер қарастырылған:

1)  шаруашылық серіктестіктің жарғылық қоры мен акцияларындағы өз үлесіне басшылық жасауда немесе салықтар мен басқа да міндеттемелік төлемдерді төлеу шартында, капитал, табыс немесе пайданы еркін аударуға бекітілген инвестордың құқығын шектеуге жол бермеу;2)  республика территориясында инвестормен өндірілетін тауарды сату мен шикізатты жеткізуді бақылайтын мемлекеттік монополияны құруға тиым салу;3)  инвестормен өндірілетін тауар немесе шикізатты өткізуде бағаны бақылау және реттеу шараларын қолдануға жол бермеу;4)  либералды валюталық реттеу;5)  инвесторды қорғау бойынша кедендік бақылау шаралары;

Шетел компанияларында өндірістік қызметпен айналысуға және өз табыстарын қайта инвестициялауға рұқсат беретін ережелерді жеңілдету керек. Бұл саладағы маңызды шара инвестор мен инвестициялар жөніндегі Комитет арасында жасалатын келісім шарт болып табылады. Барлық жеңілдіктер мен преференциялар осы келісімде толық және нақты көрсетілген. Келісім жасаудың бекітілген ережесі инвесторларды көптеген бюрократиялық процедуралардан босатады. Сонымен қатар, шетел компанияларының табыстарын қайта инвестициялау бойынша ұмтылысты күшейту керек.

...