+3 дауыс
977 көрілді
Немесе қатты ұялтатын жағдайдан шығып кетудің жолы қайсы?! Бала кезімде 3 ай демалысқа шықсам , әжеммен бірге қыдырып кетуші едім, апармаймын десе жылап. Былтырға дейін сол 'дәстүрді' жалғап жүрдім де, биыл жалынса да бармайтын болып шештім. Өздері кінәлі . Жалпы туған -туысқанның қал жағдайын біліп қонақтыққа барып тұрған дұрыс. Бірақ барғаннан мені тапырлатып сұрақтың астына алатынды шығарды . " Тұрмысқа қашан шығасың ?"," Жігітің бар ма? " "Той қашан?", " Құда түсіп аламын дей ме, әлде алып қашып кетемін дей ме?" . Әжем Көркемтайымды мазалай бермеңдер деп ұрсып. қойғанмен, не деп жауап беретініме құлақ түріп отыратын сияқты. Түсінемін әрине. Қыз бала жат жұрттық! Қыз мұраты кету деп жатады. Бірақ мен әлі кішкентаймын ғой. Жарайды , жаза берсем ішімнен шыға беретін түрі бар. Сонымен осындай жеке басқа қатысты сұрақтарға қалай жауап берсе болады? Сіздерде де кездесе ме жанға жақпайтын сауалдар? Айлығың қанша? Қашан отау құрасың? т.б
Сонда жасыңыз нешеде?

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Көркемтай, бұндай сұрақтар біздің қазақта қалмайды, бола береді, қысылсаң демек бойжетіп қалғаның. Бұлсұрақтан оңай сытылып шығу жолы меніңше " Алла біледі, бәрі Алланың қалауымен"- деген жауап па деймін.
+2 дауыс
Осындай сұрақтарды ешкім жоқта ойланып, алдын-ала жауап әзірлеп қою керек екен. :)

Ыңғайсыз сұрақтар қойылғанда, өзін ұялтып әзілмен немесе жауаптың орнына қарсы сұрақ қойып сол сәттегі ыңғайсыз жағдайдын сытылып шығуға да өзінше бір вариантқа жатады екен.
+2 дауыс
Сәлем  меніңше сол кезде, неге осы менене үйлендіңба, деп сұрай бересіздер?Құтыла алмай жүрсіздерма? десең өздері ақ ұялып бұл сұрақты қайталап қоймайтын сияқты!Жалпы үйленуге байланысты сұрақтарды осы 1 ауыз сөздің өзі шешетін шығар!Ал ақшаға байланысты сұрақ қойса қалжыңдап,Министердің қызы емеспін әйтеуір айлығым өзіме жетеді десең болды!Содан кейін өздері ұяттары болса ондай сұрақтар қайталап қоймайды!Білмеймін жалпы сіздің орныңызда болсам солай жасар едім!
Қыздар үйленбейді, тұрмыс құрады н/е күйеуге шығады н/е байға кетеді).
Жарайды!
+2 дауыс
бәрімізге де осындай сұрақтар коп қойылады, ол сұрақтарды уйдегі ата ана ғана сұрамайды, қалған туыстары бәрі сұрап шығады (әсіресе жеңгейлер). өйткені оларда тойға барып, қызықтарын көргісі келеді, ондай кезде құтыла алмай отсындарма деп айтуға болмайды, сенен қуанышты хабар естудің орнына сен кері сөйлеп жатсын.

Жалпы адамға сұрақ қойғанда жағдайда  жауап бері алмай жатсан, я ойынға айналдыр, я әңгімені басқа тақырыпқа ауытқып жібер (Мысалға: әйтеуір бір жұмада алып келемін, бірақ қай жұма екенін білмеймін - деген сияқтылар) Мен осылай жеңгейлерге айта берем, әр сұраған сайын, солай жауап беремін.
Енді жиі сұрай берсе өзі де солай айтадығой қуаныштың ерте кеші болмайды қуанып тойға барғылары келсе қолайлы уақытты күтсін!Бәрбір солайға  сұрай берсе тез үйленіп кетпейдіғой!Бәрінің өз уақыты бар дегендей!Осы менің туыстарға жыным келеді сол не әдет бір бірімізді сынап ақшамыз қанша қашан тұрмыс құрамыз!Неге сондай орынсыз нәрселерге мұрындарын сұға береді!Ал ол мүлде дұрыс емес!Әрине 1 ауыз сөз үшін шум устраивать етпейсіңғой бірақ қағытпа қалжынмен керек жерде орындарына қойғанда дұрыс!
+1 дауыс
Әзілдеп айтатын секілді. Әзілге әзілмен жауап берсең болады. Немесе тік мінезділігінізді білдіріп ашып атсаңыз болады. Өтініш бұлай айтпанызшы маған ұнамайды деп
...