Ертеден ата-бабаларымыздан келе жатқан тағамдарымыздың, яғни құрт, айран, шұбат, қымыз, жент т.б. тағамдарымыздың орны ерекше. Қазіргі таңдағы қаншама ерекше тағамдар дәмін көріп жүрсек те, ұлттық тағамдарымызға не жетсін?!
Солардың ішінде қымыздың құрамына тоқталатын болсақ, онда 4,5% –спирт, 30-70% протейн болады, сондықтан олар өте жоғары протейнді диеталық қоспа болып табылады. Протейінде бос амин қышқылдарының 26 түрі және 17 гидролизденген белоктық амин қышқылдары бар. Бос амин қышқылдарының өзінде жеті амин қышқылдары – треонин, фенилаланин, валин, лейцин, изолейцин, лизин, метионин бар. Бұлардың бәрі де адам ағзасы үшін өте маңызды. Қымыз құрамында сондай-ақ 28 түрлі микроэлементтер, көптеген витаминдер, тритерпеноидтар, аденозин, трифосат, стероид, жыныс гормоны, кортикалды бүйрек үстіндегі бездің гормоны, көптеген алколоид пен хош иісті альдегидтер, мысалы, децил спирті, гендекалон, додеканол, гептадеканол, өзінің этилациттары және изомерімен, сондай-ақ тез буланатын алифатты көміртектері және темір (Ғе) бар.
Ең алғаш қымыз жайлы ерте грек тарихшыларының еңбегінде (484-424 б.з.д) берілген. Онда «скифтердің ең сүйікті және ерекше асы» деп жазылған болатын.
Қымыздың емдік пайдасы өте зор. Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына (атрофтикалық артритке) өте пайдалы, оны желдеткіш (стимулятор) және байланыстырып біріктіретін зат ретінде қолдануға болады. Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды. Буын ауруларымен сүйектің қақсауын (атрофикалық артрит, ревматикалық артрит), еркектік күшті (эректикалық дисфункция), жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді. Қымыз іштегі ыстықты азайтады. Қымыз адамның физикалық жағдайын жақсартады, тәбетін ашады, ас қортуды жақсартады, жаңа босанған келіншектің сүтін қалпына келтіреді.
Айдана ЖАҚАНТАЕВА,
«Жас қаламгер» жас тілшілер ұйымының мүшесі
http://adyrna.kz/?p=2478