+1 дауыс
1.1k көрілді
Алматыға барған тренингтен соң бізге мынандай тапсырма берілді: көшеде кетіп бара жатқан адамдардан ақша сұрап, кейін сол жинаған ақшаны таратып жіберу деген. Ол компанияның халықпен жақын араласуға үйрететін бір тәсілі екен. 15 шақты қыз-келіншек жан-жаққа тарап кеттік. Соның ішінде ең аз ақша жинап, көздерім ісіп қайтқаны мен болдым. Көшеде бір апайдың :- қайыршысың ба деген сөзі жүрегімді тесіп жібере жаздады. Басқалары күліп көшедегі оқиғаларын айтып отыр. Жалпы осындай күнделікті өмірде есітіп қалатын немесе көріп қалатын жағымсыз жағдайларды жүрекке жақын ала бермеудің жолы қандай? Қалай бейқам , көңілсіздіктен соң күліп ойнап кете беретін адам болуға болады?
откенге окинудин керекги жок.кулим журе беру керек деп ойлаймын

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Кез-келген адамнан бір нәрсе сұрағанда, мәселе не үшін сұрағаныңда емес, қалай сұрағаныңа байланыст болады екен. Мысалы, бір адам алдыңа келіп бір өтініш жасаса, ол адам қандай киімде, қандай эмоцияда, қандай дауыс тонымен сұрап тұрса берер едің немесе бермес едің ақша, сәйкесінше өзің қалаған адамның образына ене білу де сәтті нәтиженің кепілі сияқты. :)
+1 дауыс
Мен сияқты екенсіз) Жүрекке жақын алудың пайдасы жоқ, зияны көп,бірақ одан ешқашан құтыла алмаймыз,жүректі солай нәзік етіп жаратса басқа не істейсіз енді??!
+1 дауыс
Ішіңнен маған адамдардың не ойлағаны пофиг, ең бастысы менің істеп жатқан ісім соншалықты жаман нәрсе емес деп жүре берсеші. Сол апай саған қайыршысың ба деп айтқанға сен қайыршы боп қалған жоқсың ғой. Ең бастысы мұның бәрі өзіңнің жұмысың үшін екенін білуің керек.

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
9 жауап
+1 дауыс
6 жауап
...