0 дауыс
534 көрілді
Испанияның осылай жеңіліп, группасынан шыға алмай қалады деп кім ойлаған. Не себептен олай болды?

17 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен Испаниядан көп үміт күткен едім, өкінішке орай үмітім ақталмады. Фейсбуктегі бауырымыздың жазғанын оқып көріңдер: "Испанияға не болған?" деушілерге аз-маз түсіндіргендей,жігіттерді ақтап алғандай өз ойымды айта кетейін... Біріншіден, жігіттер алаңда ойнап жүрміз деп ойлайды, шынына келгенде ойнағысы келіп жүр. 2008 жылы Еуропа, 2010 жылы Әлем чемпионы, 2012 жылы Еуропа чемпионы деген эйфориядан арыла алмаған. Екіншіден, биылғы біріншілікте жап-жас ойыншылардан құралған командалар атқан оқтай, шапқан аттай зулатып жүр. Кәрі құраммен келген Уругвай, Испания сияқтылар үшін нан жоқ биыл! Үшіншіден, Испанияның ойыны кәдімгі "Барселона". "Барселонаның" гегемониясы 2012 жылдан бастап аяқталды. Қазір Барселонаны кім-көрінген баласынатыны секілді Испанияның да осал тұсын барлығы біледі. Төртіншіден, бұл чемпионатта Испания алдына үлкен мақсат қойған жоқ. Бұл чемпионат Испанияны 6 жыл бойы сүйреген жігіттердің Мундиальды тағы бір көріп қайтуы үшін берілген мүмкіндік (Хави, Хаби, Касильяс, Торрес, Вилья секілділер үшін). Бесіншіден, алғашқы ойында Нидерланд құрамасынан 5-1 есебімен ұтылуы қатты соққы болды. Сол соққыдан есін жыя алмай кетті (Жыя алмай жүр). Алтыншыдан, биыл Чемпиондар лигасының финалында Реал мен Атлетико ойнады. Бар күшін сол турнирге жұмсаған жігіттер (Рамос, Алонсо, Диего Коста, Коке) әлі қалпына келіп үлгерген жоқ. Жетіншіден, әр нәрсенің қайыры бар, енді Испанияда жаңа құрам жасақталады. Иско, Карвахаль, Мората, Алькантара сияқты жас таланттарға жол ашылды. Ол жігіттерден үлкен команда жасау үшін кемі 3-4 жыл уақыт кетеді. P.S. Испаниям енді үйге қайтады, Бельгиямнан бірдеңе күтемін!
0 дауыс
Менің ойымша осы әлем чемпионатына Испания дайындықсыз келген сияқты.
0 дауыс

Қанша дегенмен мықты адамдарда құрамаларда ондай болып тұрады,Испания дайындақпен келген бірақ өздерін алаңда көрсете алған жоқ, менің ойымша........

0 дауыс

Менің ойымша ойыншылар бабында болмаған секілді.

0 дауыс
Ойыншылар өз қарсыластарын менсінбей ойнаған болар, сосын жеңіліс тапты. Мен Испанияның ойынын көріп жатырып, 60 минут болғанда ТВ - ді өшіріп тастадым. Ойындарын бұрынғыдай емес, өте нашар. Дайындықсыз келді деуге болмас, қайткенмен әлем чемпионаты емес пе! Қайтесің енді... Жолы болмаған шығар.
0 дауыс
Тики - таканың дәурені өтіп барады деген рас сияқты. Мен олай болғанын қаламасам да мойындаймын. Барселона мықты болған кездері Испания құрамасы да мықты болды. Барселона қалай жеңіліске ұшырай бастады, Испания құрамасы да солай бола бастады.
0 дауыс
Қақа оның саған не керегі болды екен ? )) Испанияның сүреңсіз өнер көрсетуінің басты 2 себебі :

1. Шау тартқан команда, кілең шалдар жинадып алып ешнәрсе шығара алмайды.

2. Испанияның жарты составы Барселона футболшыларынан құралған, Барса өшті оларда өшті дегендей..
шынымды айтсам, осы сұрақты қойшы деп біреу өтінген болатын, әйтпесе маған футболдың түкке де керегі жоқ.
Әйтпесе маған поқұй дейсіңғо.
0 дауыс
Испания құрамасына ештене болған жоқ, өте тамаша ойын көрсетті, әрбір ойынның соңына дейін барынша тырысып бақты (сіз бірінші футболдың қандай жағдайларда ойналатынын, қандай спорт екенін түсініп алыңыз, сосын мынандай сұрай қойыңыз) ол футбол ойыны, ойын болғасын жеңіс те жеңіліс те болады. Өз басым Испания құрамасына өте ризамын (талантты ойыншылар, талантты қақпашы)

Жай бұл футболды түсінбейтіндердің сұрағы (және мен ешқашан Испаияға жанкүйер болған емеспін)
Мен де Испанияға жанкүйер емеспін, не болды сонша?
0 дауыс

мына жігіт жақындап кетіп еді... содан бері.. ))) ((әзіл)

 

 

Justin Bieber
бірақ ол Испания құрамасына жақындамаған сияқты еді
0 дауыс
Ештене етпейд. Алар асуымыз алда. ФИФА-мен футбол жарысы шектелiп калмайды. Испания алi мойындатады мыкты команда екенiн
Дәл бір Қазақстан әлем чемпионатына шығып, топтан әрі аса алмай қалғандай айттың ғой.
0 дауыс
Әр команданың, елдiң басынан өтетiн қиыншылықтар. Испания да бiраз жеңiске жеттi. Ендi шаршады, басқа командалар оларды әбден зерттеп осал тұстарынан қайта-қайта шабуылдап шаршатты. Шыны керек Испания құрамын жаңалау керек. Кезiнде үздiк қақпашы атағын бермеген Иккер де бұл жолы үмiттi ақтамады. Бiр байқағаным шабуылшылардың гол салуға деген ынталары да болмаған секiлдi көрiндi. Айып алаңына келе бергенде доптан айырылып қала бердi.
0 дауыс

Испанияның шаруасы бітті ғой!!!!

0 дауыс
Менің ойымша олар дайындықсыз болған шығар.
0 дауыс
Испания жақсы дайындалып жақсы ойын көрсетті!Тек аздап өздеріне сенімсіз болса керек!Қайткенде де әлемдік додағой!
0 дауыс
Дайындыксыз келдиго сосын Де Хе,Мората,Монтая,Бартра,Хесе,Иско,Коке,Алкантараны шакыру керек
...