Жоғалған куәлікті қайта қалпына келтіру қиын ба?!

+4 дауыс
6.5k қаралым

Жеке куәлікті жоғалтып, оны қайта "восстановить" еткендер ма? Оны қайта жасатқанда алдында қолданылған фотосурет болады ма, әлде қайта түсу керек пе?! Сосын, жолға шығар алдында, яғни пойызда қабылдайтын, рұқсат етілетін справка сияқты қағаз беріле ме? Әлде, пойызда ондаймен қабылдамай ма? Көмектесіңіздерші.

image

 

• Санаты: Заң | 6.5k қаралым

3 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Оңай. Тұрақты тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жеріңіз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығынабарасыз. Осы жерде жеке куәлікті жаңадан дайындата аласыз. Ол үшін қажетті құжаттарды өткізуіңіз керек. Өзге де маңызды сұрақтардың жауабын төмендегі сілтемеге өтіп біле аласыз: Жеке куәлік жоғалса/ұрланса, кімге хабарласамын?Жоғалған куәлікті қалпына келтіруім үшін қандай құжаттар керек?Ұрланған жеке куәлікті қалпына келтіру үшін қандай құжаттар керек?Мемлекеттік баж салығын кімдер төлемейді?Жаңа жеке куәлігім қанша күнде дайын болады?Жаңа куәлік дайын болғанша қандай құжатты қолданамын?Жеке куәліксіз жүрсем, не болады?


Жақсы жауап таңдалды
+4 дауыс

Куәлігіңізді жоғалтып алсаңыз Жеке куәлік жоғалған жағдайда, тіркелу орны бойынша ХҚКО-ға төмендегідей құжаттарды тапсыру керек:

1) жеке куәліктің жоғалған жағдайларын баяндайтын жазбаша өтініш; 
2) 0,2 АЕК (370 теңге) мемлекеттік баж алымын төлегендігін растайтын түбіртек; 
3) жоғалған жеке куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);
4) төлқұжат (бар болса (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме); 

5) мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі ((үй кітабы) тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);
6) 3,5 x 4,5 см. өлшемді 2 фотосурет.Жаңа куәлік дайын болғанша уақытша куәлік беріледі. Ал пойыз туралы білмейді екенмін. Жеке куәлікті бірнеше рет жоғалтсаң, айыппұл салынады. Бірінші рет болса салмаса керек . Сосын куәлік ұрланған жағдайда немесе бала 16 жасқа толмаған болса (туу туралы куәлік ) құжаттар басқаша дайындалады.

0 дауыс
Коркем айткандай дал сондай кужаттар керек сосын оган штраф толейсин накты канша екенин билмедим штраф канша екенин бирак толейсин

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,938 қолданушы