Қазіргі күнде жұлдыздардың жаңбырша жаууына рас тек жұрттың әңгімесінде ғана сақталған. Біз “әне, жұлдыз ағып түсті”-деген сөздерді әр адамнан естиміз. Соның өзінде жұлдыз- әлемнің жарқыраған бір денесі екенін білеміз: ол да күн сияқты жерге сәуле шашады және жерге еш уақытта құлап түсе алмайды.
Жулдыздардың жаңбыр сияқты жаууы неден боладаы? Аспан әлемінін кейбір бөліктерінде бұл құбылыс белгілі бір уақыт өткенде қайталанып тұрады. Мысалы, Арыстан шоқжұлдызы орналасқан аспан бөліктерінде әрбір 33 жылда бір рет болады. Соңғы рет ол 1966 жылғы қарашада көрінді.
Дүниежүзілік кеңістікке жекелеген метеор бөлшектерінен басқа сансыз көп метеор денелері құжынап ұшып жұреді. Планеталар сияқты олар да Күн төңірегінде айналады да, Жер орбитпсын анда-санда бір кесіп өтеді, сөйтіп жер атмосферасымен жанасады. Егер бұл түнде болса, онда біз жап-жарық жұлдыз жаңбырының жауып тұрғанын көреміз.
Жұлдыз жаңбырын аспанның қай бөлігінен және қашан байқауға болатынын астрономдар күні бұрын біледі. Мысалы, жыл сайын 19-14 тамызда жер атмосферасы Персей шоқжулдызынан ұшып шығатын құжынаған метеор бөлшектерімен кездеседі. Уақыт өте келе күн жүйесі планеталаранын тарту күшінің әсерімен бұл құжынаған метеориттердің жолдары өзгереді. Осы себепті ежелден белгілі жұлдыз жаңбыры бұрынғыдай жиі көрінбейді, оның есесіне бұрын беймәлім болып келген жаңа “жаңбырлар” пайда болады.Адма өз қолымен жасаған ең қызықты жұлдыз жаңбыры туралы осы тұста айта кетелік. Бұл 1958 жылы 14 сәурде болды,Кариб теңізіндегі Барбадос аралының тұрғындары оны өз көздерімен көрді. Аспанда кометаға ұқсас бірнеше жарық дене зулап өтті. Олар Мындаған ұшқынды бөлшектер шығарып, теңізге отты жаңбыр болып жауды. Бұл 1957 жылғы 3қарашада Кеңес Одағынан аспанға ұшырылған Жердін екінші жасанды серігінін қалдықтары болатын.