0 дауыс
471 көрілді


Мултикті қандай программамен жасаған?

2 жауап

+2 дауыс
Мұндай анимацияны 3d max немесе Maya , Softimage, Mobo, Cinema 4d секілді бағдарламалармен жасайды. Оңай жұмыс емес. Бірінші кейіпкерлердің мультфильмде қолданылатын дүниелердің модельдерді жасалады. Сосын оларға өң береді яғни бояйды немесе дайын текстурларды колданады. Бояп текстур жасау үшін модельдердің uv кординатын жасайды. Және ол модельді obj форматпен zbrush немесе mudbox болмаса the foundry mari секілді бағдарламаларға экспорттайды. Олармен бояп детализациясын жасап болғасын боялған қабаттарды(слой) tif.png секілді жоғарғы өлшеммен сурет сақтауға қабілетті форматта сақтайды. Сөйтіп 3d бағдарламада жаңа материал жасалып, сол материалға жүктеледі. Сосын ош материал тиісінше модельге беріледі. Осыдан соң риггин баптаулары жасалады. Ол риггинг деген кейіпкерді қозғалтуға дайындау дегенді білдіреді дененің ішіне егер ол адам болса кәдімгі анатомиялық құрылым бойынша joint яғни сустав енгізіледі. Сосын Ик манипуляторлар мен сүйектің дұрыс қозғалуы үшін арнайы шектеуші элементтер жасалынады. Сосын сгсын бетәлпеттің қимылына жауапты баптаулар жасалады. Мысалы ол mayq бағдарламасындағы blendshape немесе softimage бағдарламасындағы facerobot пен жасалуы мүмкін. Ал осыдан соң озвучка сосын анимация ал сосын рендер жасалынады. Ал сосын nuke немесе eyeon fusuion Adobe After fx секілді бағдарламалармен композитинг жасалады. Композитинг деп әр жақта және әр түрлі уақытта түсірілген бейнелерді бір уақытта бір жарықтың астында бір камерамен түсіргендей етіп монтаждауды айтады. Сосын әр түрлі кадрларды Premier Pro немесе Final cut секілді бағдарламаларға салып жинайды да музыка тағы басқа қажетті қосуы керек нәрселерін қосып экспорттайды. Сонымен болды.
...