Болып жатырған, келе жатырған деген сөздің айтылуын дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

0 дауыс
5.7k қаралым
Дұрысы болып жатқан, келе жатқан деп айтылады, жазылады емес пе?
• Санаты: Қазақ тілі

3 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап

Жатыр, отыр, тұр, жүр деген сөздер қазақ тілінде қалып етістіктер деген топқа жатады. Оларға  қосымшалар тікелей жалғанады. Мысалы жедел өткен шақтың жұрнағы -ды, -ді, -ты, -ті(отырды, тұрды т.ю) Есімшенің жұрнағы -ған, -ген, -қан, -кен(отырған, жүрген т.б) Сондай-ақ басқада қосымшалар жетіп артылады. Сіз айтқанның ешқандай әбестігі жоқ.

білмеймін, өмірімде көркем әдебиеттерден келе жатырған бара жатырған деген сөйлемді кездестіргем жоқ, газеттен де журналдан да. Тек теледидардан, интернет бетінен ғана оқып жүрмін, меніңше бұл дұрыс емес.
+1 дауыс
Дұрыс емес, грамматикадан хабары жоқ шала қазақтырдың айтп жүргені....келе жатқан, болып жатқан болып айтылады және солай жазылады.
+1 дауыс
Біздің Атырау жақта дәл осылай айтады. Меніңше, бұл —батыстың диалектісі.
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы