0 дауыс
3.2k көрілді
1.Қазақстандағы саяси партиялар және олардың, жетекшілері. Кәсіпқой партиялардың дүниеге келуі.

2.Қазақстан қазан төңкерісі кезіндегі Алаш үкіметінің құрылуы.

3.Ресейдің 1917 жылғы Ақпан революциясының Қазақстанға әсері. ҚҰРЫЛҒАН ПАРТИЯЛАР.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
2003-ші жылдың аяқталуына бір ай қалғанда Қазақстандағы оппозиция өкілдері жаңа партия құратыны жөнінде жариялады. «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестік негізінде дүниеге келетін халықтық партия, халық мүддесінің қорғалғанын қалайды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жаңа партияны қолдаушылардың бірі, сенатор Зауреш Батталованың ойынша, мемлекеттегі конституцияны өзгерту керек.

Зауреш Батталова,Қазақстан Парламентінің мүшесі: - Ең алдымен біз республиканың президенттік мемлекет болғанын қаламаймыз,яғни біз республиканың парламенттік болғанын қолдаймыз. Сонымен қатар, біз бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіз болғанын қалап, осы мақсатта жұмыс жасауға дайынбыз. Соңғы жылдары байқалып қалды, билік сайлау барысында белсенділік көрсетіп, парламент пен мәслихат қалталы болды. Сол себептен біздің ойымызша, бұл салада біз жұмыс жасауымыз керек. Әрине, бізде әлеуметтік жағдай да күрделі болып тұр. Мемлекеттің экономикалық жағдайы көтерілгеніне қарай халықтың жағдайыда көтерлуі керек. Мысалы, біз мұнайды өндіріп, сатып жатырмыз, бірақ мұнайдың ақшасы бюджетке, немесе халықтың жағдайын көтеруге жұмсалып жатқан жоқ.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты халықтық партияның жетекшісі Ғалымжан Жақиянов болып қала береді деді, жаңа партияны құрушылар. Сонымен қатар, өздерін демократтармыз деп атаған азаматтар партияны отандық кәсіпкерлер қаржыландырып отырады дегенді айтты. Сол себептен жаңа пария өкілдері мемлекеттегі орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға дайын.Сонымен қатар, жаңа партияға мүше болатын азаматтардың пайымдауынша, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты халықтық партияға қолдау көрсетіп отырған бизнесмендер де Қазақстандағы әділетсіздікке наразы. Бұл әділетсіздікті жою үшін партия құрғады жөн көрдік,- деді жаңа партияны қолдаушы тұлғалардың бірі Батырхан Дәрімбет.

Батырхан Дәрімбет, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты халықтық партия құрушылардың бірі: - Заңдардың қабылдауына байланысты біздегі саяси күрестердің түрлері өзгерді. Сонымен қатар , саяси партияларға көбірек өкілеттік беріп жатыр. Болашақта, келесі күзде болатын парламенттің жартысы саяси партиялардың тізімімен құрылады, деген ой бар. Қазіргі кезде сондай ұсыныс жасалып жатыр. Мұндай ұысынысы бар сайлау туралы заң жоба бір-екі күн бұрын парламентке тапсырылды. Сол себептен біздің қоғамның одан әрі дамуына әсер ету үшін саяси партия болып құрылған дұрыс, деп есептейміз. Бізд осындай шешімге келіп, саяси партия құруға кірісіп жатырмыз. Бұл заңдылық, кез-келген қозғалыс қоғамның дамуына әсер ету үшін өзінің тәсілін өзгертіп отырады. Бұл өте жауапты шешім, бұл көп жұмысты талап етеді, болашақта біздің саяси жүйедегі орнымыз бос болып қалмау үшін осындай шешімге келіп отырмыз. Біздің саяси мақсатымыз – Қазақстанда демократиялық қоғам орнату. Қазақстанда барлық даму халықтың қатысуымен өту керек. Ал қазір бізде ондай жағдай жоқ.

Қазіргі кезде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі Маржан Аспандиярова дүниеге келетін партияның республика бар саяси партиялардан ерекшелігі болады,дегенді айтады. Себебі бұл партия үкімет пен шенеуніктерді ғана емес, мемлекет жетекшісінде сыңға алатын болады.

Маржан Аспандиярова, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі: - Бұл партия Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайға байланысты дүниеге келіп отыр. «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестік дүниеге келгеннен бері Қазақстан тарихындағы көп өзгерістерге себепкер болды. Біз айтарлықтай қалыптастық, қасымызға бізді қолдайтын адамдарды жинадық, өстік, жеттік. Енді мына саяси жұмысты одан әрі жалғастыру үшін ресми партия түрінде жұмыс жасау керек. Мен ойлаймын, әрине, біз адамдарды жинаймыз. Қазір бізде 10-шақты партия бар. Оның ішінде: «Отан», «Азаматтық» партиялар бар, олардың барлығы бір жақта. Олардан біздің айырмашылығымыз, біз осы бір адамның қолындағы билікті, саяси режимді өзгертуді көздейміз.

Сонымен, Қазақстан оппозиционерлері жаңа партия құратыны жөнінде жариялап, келер жылдың ақпан айында алғашқы құрылтайын өткізуді жоспарлап отыр. Оппозицияда жүрген тұлғалар жаңа патияға мүше болмаса да, дүниеге келетін партияны қолдап отыр.Дәлірек айтқанда, партиялар туралы жаңа заңға байланысты тіркеуден өтпеген, бірақ ресми түрде жабылмаған Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшілері жаңа құрылатын партияға қолдау көрсететінін жариялады. Мұндай қолдауды «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестік жетекшісі Төлен Тоқтасыновта көрсетті. «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Төлен Тоқтасынов былай деді.

Төлен Тоқтасынов, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестік саяси кеңесінің төрағасы: - Мен дұрыс деп бағалаймын, мұндай партия керек, әсіресе мына Әзірбайжан мен Грузияда болып жатқан жағдайларға байланысты,Қазақстанның саяси алаңыңа «Асар» және «Руханият»атты жаңа партиялар шыққан тұста. Осы оқиғаларды есептегенде мен жаңа партияның дүниеге келгенін дұрыс, деп бағалаймын. «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты халықтық партияға билікке жақын партиялар қандай баға береді екен деп Қазақстанның «Азаматтық» партиясының жетекшісі Азат Перуашевтың пікірін білдік.

Азат Перуашев, Қазақстанның «Азаматтық» партиясының жетекшісі: - Қазақстанның кез-келген азаматы, қоғамдық қозғалыстар саяси партия құруға құқылы, сол себептен еш қандай қарсылық жоқ.

Дүниеге келетін жаңа партия алғашында өз бағдарламасын жарияласын, сонда бұл партияға баға беруге болады, -дейд «Отан» партиясының мүшесі Абзал Нүкенов айтып отыр.

Абзал Нүкенов, «Отан» партиясының мүшесі: - Өткен жылы қабылданған партиялар туралы заңға байланысты әр ұйым, әр азамат партия құруға құқылы. Алдымен жаңа партия өз бағдарламасын жарияласын, сосын бұл бағдарламаны сараптай келіп, бір пікір айтуға болады.

Ал саясаттанушы Бөріхан Нұрмухаммедовтың ойынша, жаңа партияның дүниеге келетіні жақсы, бірақ бұл партияны укімет тіркемей қою мүмкін, деген ойда.

Бөріхан Нұрмухаммедов,саясаттанушы: - Бұл партияға сырттан әсер ететін мәселе бар, сонымен қатар бұл партияның ішкі мәселесі де бар. Республикада «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты бірлестікке бірнеше саяси күштер кіреді. Біріншіден, Қазақстанның Республикалық халық партиясы, екіншіден, Коммунисттік партия, үшіншіден, Халық конгрессі және «Поколение» деген қозғалыс кіреді. Болашақта бірлестік қатарынан саяси күштер, яғни Коммунисттік, Республикалық халық партия ДВК-дан шығып кетуі мүмкін. Себебі олар қозғалыстың партия болғанын қолдамайды. Негізінен, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты бірлестік халық арасында танымал, сол себептен олардың сайлаушылар арасында қолдаушылары да бар. Осы қолдаушыларды ДВК мүшелері пайдаланбақшы, бірақ бұл партиядан коммунисттер мен республикандықтар кетіп қалса, бұл партияда кім қалады, жаңа партия өз бағдарламасын қалай ұсынады, деген сұрақтар туындайды. Ал тіркеу мәселесіне келер болсақ, бұл жерде бұрыңғы тәжірибемізді ескеруіміз керек. Бізде бір партиялар тіркеуден жылдам өтеді, екінші бір партия түрлі қиындық көріп өтеді. Сол себептен менің ойымша, бұл партияға кедергі жасалады, кедергі болғанда бұл партияны сайлауға дейін тіркемеуі мүмкін, деген болжау бар.

Шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. Интервенция мен азамат соғысының басталу себептері Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен Моңғолдар жаулап алуының зардаптары Батыйдың (Бату) Европаға шабуылы. Алтын Орда

 

Петроградтағы Қазан төңкерісі.

1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.

Оның себептері:
1) Монархияның ауыр мұрасы
2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.
3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.

Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.

1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды.

Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған.

Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді.

Қазақстандағы ұлттық үкіметтер.

1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде атаман Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды.

1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған мұсылман депуттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Камиссар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көз – қарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп мәлімдеді.

1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған Бүкіл Түркістандық IV съезінде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басты қызметін Мұстафа Шоқай атқарды (1881-1941жж.)

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақтық съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды. Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.

Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Қеңесі құрылды. Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.

Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде «Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.

«Алаш» партиясының бағдарламасы:

- Басқару түрі;
- Автономия;
- Азаматтың негізгі құқықтары;
- Дін ұстану туралы мәселе;
- Соттар туралы;
- Қорғаныс;
- Салық;
- Жұмысшы мәселесі;
- Халық ағарту;
- Жер мәселесі.

Бағдарлама жобасының маңызы:
1. Сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.
2. Буржуазиялық – демократиялық, ұлт – азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды көрсетті.
Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.

Өлкеде Кеңес өкіметінің орнатылуы.

Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда — бейбіт жолмен.
Құлпынай Жантаева
Бір сәттік ой
Туған жылы:1998
   
   
Техно Мәдениет Видео Бастаңғы Әлемтану Спорт Білім I-дос Әдебиет ӘЧ 2014
Жаратылыстану Гуманитарлық ғылымдар Рефераттар Білім ордалары Хабарландыру Ол кім? Бұл не? Студенттік өмір
1917 жылғы Ақпан революциясы және оның Қазақстанға әсері (1-бөлім)

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.

1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрынғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”, - деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз қызметінде: 1) саяси, діни, қарулы көтеріліс және т.б. істер бойынша амнистия жариялауды; 2) сөз және баспасөз бостандығын жария етуді; 3) ұлттық, діни және сословиялық шектеушіліктерді жоюды; 4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын Құрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді; 5) полицияны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағындыруды және т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын мәлімдеді.

Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды.

Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын.

Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті. Бұл жөнінде М.Дулатов: “Сары әскер” қарсылық қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға кірісіп еді. Он айға жетпей патша өкіметі құламаса, Ресейдегі ұлы төңкеріс болмаса, не болар еді”, - деп жазды.

Самодержавияның құлатылғаны жайлы хабар жер-жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ, өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы жергілікті басқару органдарын құруды қолға ала бастайды. Қоғамдық негіздегі құрылған мұндай жергілікті басқару органдары: азаматтық атқару комитеті, біріккен қоғамдық құрама (коалициялық) атқару комитеті деген сияқты атауларға ие болды. 1917 жылдың 5 наурызына дейін Қазақстанда да қоғамдық негіздегі атқару комитеттері құрыла бастады. Мәселен, 3 наурызда Көкшетауда, 4 наурызда Қызылжарда, 5 наурызда Семейде біріккен қоғамдық ұйымдардың атқару комитеттері құрылды. Бұл ұйымдарға түрлі әлеуметтік топтар мен саяси партиялар мүшелікке ұмтылды. Бұл халықтың демократиялық басқару дәстүріне құлшына араласқанын аңғартады.

Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Уақытша үкімет билік орындарын құру туралы 5 наурызда арнайы қаулы жариялады. Осыған байланысты жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда өзгерістер бола бастайды. Наурыз және сәуір айлары ішінде ескі әскери губернаторлық, уездік, болыстық және ауылнайлық басқару жүйелері жойылып, келмеске кетті. Олардың орнына Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық және ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер және олардың атқару орындары қалыптаса бастайды. Мамыр мен маусым айларында бұларға қосымша облыстық азық-түлік комитеті, жер комитеті және басқа осы сияқты басқару орындары құрылады.

Батыс майдан штабы жанынан земскі және қалалық одақтардың бұратана бөлімін басқарып жүрген Ә.Бөкейханов 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындалды. Қазақ елі патшалық Ресей құрамына енгеннен бергі уақытта оның бірде-бір өкілінің империяның әкімшілік жүйесінде губерниялық, облыстық деңгейді қойғанда, тіпті уезд бастығы дәрежесінде қызмет жасамағандығы мәлім. Империяның басқару жүйесінде қазақтар болыстық атқарудан жоғарғы қызметті иемденуге тиісті емес еді. Бұл тұрғыдан Ә. Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыстық басшылыққа келген бірінші қазақ болатын.

1917 жылы наурыз айы ішінде Орал облыстық комиссары болып Бизянов бекітілді. Ақмола мен Семей облыстары қарайтын Дала өлкелік комиссарлығына мемлекеттік кеңес мүшесі И.Лаптев жіберілді.

1917 жылы сәуірде Уақытша үкіметтің қаулысы бойынша Түркістан өлкесінде нақты тәртіп орнатып, күнделікті туындап отыратын мәселелерді сол жерде шешіп, өлкені басқару үшін Түркістан уақытша комитеті құрылды. Оның құрамына Мемлекеттік Дума мүшесі Н.Н.Щепкин, бірінші Дума мүшесі Ә.Бөкейханов, екінші Дума мүшесі М.Тынышпаев, үшінші Дума мүшелері С.Мақсудов, В.С.Елпатовский, А.А.Липовский, П.И.Преображенский, О.А.Шкапский және генерал-майор А.Дәулетшин енді. Комитеттің төрағасы болып Н.Н.Щепкин тағайындалды. Самарқан, Ферғана, Сырдария, Жетісу, Закаспий облыстарында және Хиуа мен Бұқара хандықтарындағы орыс поселкелеріне Түркістан комитеті Уақытша үкімет атынан билік жүргізуге өкілетті болды.

Ә.Бөкейханов Түркістан комитеті құрамына енгенімен, Торғай облыстық комиссары ретінде орны босап, оның қызметіне ат салыса алмады. Торғай облыстық комиссары Ә.Бөкейханов өз қызметінде жергілікті жердің салт-дәстүрін, ерекшеліктерін білетін азаматтарды, әсіресе, қазақтың зиялы азаматтарын мемлекеттік басқару орындарына тағайындауды басшылыққа алды. Оның ұсынуы бойынша, Қостанай уездік комиссары болып бірінші және екінші мемлекеттік Думалардың мүшесі Ахмет Бірімжанов, Торғай уездік комиссары болып Ғұмыр Алмасов, Ырғыз уездік комиссары болып Тобыл округтік сотының мүшесі Ғабдолла Теміров бекітілді.

Қазақ облыстарында болыстық комитеттердің құрылуы барысында да баяғыша болыстыққа таласқандай таласып, ескі әдетке салған жағдайлар да кездесіп тұрды. Ол жөнінде “Қазақ” газетінде: “Көкшетау уезі Айыртау болысы сайлауында зор талас болды. Председательдікке сайланған Ысқақ Баймұрат баласы қонақасына көп қой, бір ту бие сойып, 3 мың сом ақша шығарып, үлкен партия жасап барып сайланып шықты. Махмұд төре Уәлиханов сайлауды бұзуға жол іздеп Көкшетауға келді” - делінген.

1917 жылы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінің шешіміне сәйкес болыстық, ауылдық-азаматтық комитеттер ұйымдастыру үшін Ақтөбе уезіне 9 адамнан, Ырғыз уезіне 9 адамнан, Қостанай уезіне 12 адамнан, Торғай уезіне 6 адамнан тұратын комиссиялар құрылды. Бұл комиссиялар болыстық комитеттерді ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетіп, сайлаудың дұрыс өтуін бақылауға алды. Ақтөбе уезіне С.Досжанов, И.Ермұратов, Ж.Кенжебаев, Е.Өтемісов және т.б. құралған комиссия келіп 3 маусымға дейін 14 болыста болыстық комитет, 3 ауылдық комитеттің құрылуының басы-қасында болды.

1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері үлкен әсер етті.  Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 11-наурызында - Семейде  (төрағасы - Р.Мәрсеков);  Омбыда  (төрағасы - Е.Итбаев);  наурыздың аяғында -  Верныйда (төрағасы - И.Жайнақов) құрылған және т.б. облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық және басқа комитеттермен де,   Уақытша   үкіметтің   органдарымен де ынтымақтастық   жасады.   Мысалы, Ә.Бөкейханов  - Торғай облысы   бойынша, М.Тынышбаев  Жетісу облысы    бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша үкіметтің комиссарлары болды. Ал, А.Байтұрсынов, М.Шоқаев, М.Дулатов,  Ж.Досмұхамедов,  Х.Ғаббасов,  Ж.Ақпаев,  А.Бірімжанов,  Ә.Кенесарин, Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, әсіресе, ұлт зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай (Орынбор қаласы, 2-8 сәуір, 300-ден астам делегат, төрағасы - А.Байтұрсынов), Жетісу (Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат, төрағасы - И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19-22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрағасы - Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25 сәуір-5 мамыр, 150-ге жуық делегат, төрағасы - А.Тұрлыбаев) қазақ облыстық съездері өткізілді. Бұл съездер ұлт азаттығын, жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да проблемаларды шешу жолындағы күрестегі қазақ қоғамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар, олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық бағыттарын жасау жолында өздерінің одақтастары мен қарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленді. Съезд жұмыстарына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, М.Жұмабаев және басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. Соның арқасында съезд шешімдерінде "Алаш" қозғалысының бағдарламалық талаптары өз көрінісін тапты.
0 дауыс
Тақырыптарыңды гугл iздеу жүйесiнен кеңiнен толығырақ таба аласың. Саған уикипедия ашық энциклопедиясынан немесе әртүрлi сайттардан ақпарат тауып бередi. Сол жерден керегiңдi жазып ала бер.
...