Виртуалды махаббат - саған жазамын хат,
Виртуалды махаббат - мониторға қарап.
Ызғарлы жел, бұлтты аспан
Ұйқасты сөз жинақтап,
Пернетақтамен өлең жазып.
Қараша айы, суық кез,
Бұл мезгіл ұнамайды,
Ұнайды тек жылы кез.
Шыңғырлаған дауыс,
Хаттың келген белгісі.
Алау сезімге бөленіп,
Жүрегім міне сезеді.
Мүмкін уақытша ма,
Әлде бұл шындық па.
Бірақ мен ғашықпын виртуалды ғаламға!