0 дауыс
376 көрілді
Біз "Бірлік мал зауыты" ЖШС уақытша науқандық жұмыстарға жұмысшыларды аламыз. Олармен уақытша еңбек шартын қанша айдан қанша айға дейін жасауға құқымыз бар. Нақтырақ түсіндірсеңіздер екен.

1 жауап

+1 дауыс

Еңбек кодексінің 29-бабында Еңбек шартының мерзімі белгіленген. Аталмыш баптың 3, 4, 5 тармақтарында сәйкесінше

3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;

4) жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына;

5) маусымдық жұмысты орындау уақытына;

жасалуы мүмкін делінген, сіздікі соңғысына келеді. Шартта міндетті түрде мерзім көрсетеңіз, көрсетпеген жағдайда онда шарт белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептелетін болады.

P.S. Сонымен қатар, осы  Кодекстің 20-тарауындағы МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДА ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН танысып шығуыңыз дұрыс болар деп санаймын.

Керемет жауап
...