Менiң ойымша ессiз ғашық болу деген, сол бiр жанға жiпсiз байланып қалу. Жатсаң да, тұрсаң да, сол бiр жан ойыңнан шықпау. Не iстеп жатыр екен, ауырып қалмады ма екен, деген сұрақтар мазалайды. Шын ғашық болып қалған жан, оның түрiне де, шыққан тегiне де қарамайды. Ол iшкi сезiмiне, жүрегiне қарайды. Шын ғашық болу бiр-екi күнге емес, ұзаққа созылады деп ойлаймын. Өйткенi өзiмде бiр жiгiтке ғашықпын. Екi жыл болды, бiрақ әлi де сезiмiм суыған емес.