0 дауыс
4.2k көрілді
Несиелік қарым-қатынастың объектілері мен субъектілері?

1 жауап

0 дауыс
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал, қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды және жеке тұлғалар жатады. Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі  және көмекші матариалдарды, жанар-май, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты. Несиелеу объектісіне,  экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады. Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру қағидаттары екі топқа бөлінеді:

І топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі қағидаттар: *несиенің мақсаттылығы; *несиенің дифференциялдығы.

ІІ топқа – несиенің мәнін бейнелейтін қағидаттар: *несиенің мерзімділігі;  *несиенің қайтарымдылығы;  *несиенің төлемділігі; *несиенің қамтамасыз етілуі.
...